Central AsianResearch Index
Keruen2023

С.КҮЗЕМБАЙДЫҢ ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Бұл мақалада көрнекті музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты,МАИ академигі, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, М.О.Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институтының музыкатану бөлімін басқарған және осы институтта 50 жылеңбек еткен ардагер музыкатанушы Сара Әділгерейқызы Күзембайдың ғылыми теориялық зерттеулері,оның ішіндегі Мұхтар Әуезовке қатысты еңбектері арнайы қарастырылды. С.Күзембайдың ұлттықмузыкатану саласының әртүрлі бағыттарын, музыкалық театрдың тарихы мен теориясын зерттегенкөптеген еңбектерін бір шағын мақалада шолып шығудың өзі мүмкін еместігін ескеріліп, ізденістеріндегіМұхтар Әуезовке қатысты мәселелер қамтылды. С.Ә.Күзембайдың отандық музыкатану саласынақосқан үлесі сараланады. Зерттеу барысында жүйелі, кешенді талдау әдістерімен қатар, сипаттамалықтәсіл қолданылды. С.Күзембайдың шығармашылық жолын айқындау мақсатында шет елдік ғалымдар– Т.Гафурбеков, Н.Янов-Яновская, М.Хамидова, К.Дюшалиев, Е.Трембовельскийдің және отандықзерттеушілер – А.Ісмақова, Ү.Жұмақова, А.Райымқұлова, С.Ананьева, Г.Орда, Д.Жұмабекова,Т.Егінбаева еңбектерімен қатар, музыкатанушы С.Күзембайдың ғылыми мұрасы негізге алынды.Алайда өз мамандығына деген адалдықтың, өмірінің соңғы сәтіне дейін ерен еңбек етудің үздік үлгісінтанытқан талантты тұлға Сара Әділгерейқызының артында қалған мол ғылыми мұраларын зерттеуалдағы уақыттың еншісінде екендігі сөзсіз.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 81, № 4, С. 244-259
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov