Central AsianResearch Index
Keruen2023

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ФОЛЬКЛОР ЖАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Мақалада Алаш мұрасына қатысты түрлі ғылым саласында жазылған зерттеулердізерделей отырып, Алаш қайраткерлерінің қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеуді анатілін сақтау мен ұлттық бірегейлік дәрежесіне жетудің маңызды құралы ретінде бағалаған ортақұстанымдары алғаш рет кешенді түрде жан-жақты қарастырылды. Сонымен бірге жаңа қоғамдықдаму процесіндегі қазақтың көшпелі өмір салтынан туындайтын рухани мәдениеттің төлтумалықсипатын жоғалтпау мен жаңғыртудың жолын ұсынған алғашқы ой-пікірлері ғылыми тұрғыдансараланды. Алаш зиялыларының халық мұрасына қатысты өз кезеңіндегі барлық көзқарастардысын тезінен өткізіп, әрбір халықтың фольклорын өзінің төл тарихымен тамырлас туындап дамитын,өзгеретін жанды құбылыс ретінде тану, фольклорлық үлгілерді саралау мен жинау, жариялау, зерттеу,оқыту, аудару мәселесіне қатысты ой-пікірлері бүгінгі ғылым талаптары тұрғысынан талданып,қазақ фольклортану ғылымының қалыптасу тарихындағы маңыздылығына мән берілді. МақаладаАлаш қаламгерлерінің фольклорды шығармашылықпен игерудің алғашқы үлгілерін танытқанкөркем шығармаларындағы шеберлігі мен ерекшелігіне қатысты да ой-тұжырымдар түйінделді.XX ғасыр басындағы түрлі тарихи, қоғамдық-саяси жағдайлардың өзгерісі мен түрлі шектеудің өрісалуына қарамастан, Алаш қайраткерлерінің ұлт мұрасына қатысты істерді үздіксіз іске асырудыңжолдарын қарастырған қызметтері де қамтылды. Сондықтан да зерттеу нысаны ретінде олардың әр алуанғылым салаларына арналған еңбектерімен бірге түрлі басылым беттеріндегі (газет-журнал, жарыссөзт.б.) және әрқилы тақырыптар аясындағы халық мұрасына қатысты айтылған ой-пікірлері назарғаалынды. Алаш зиялыларының әрбір ұлт фольклорының жалпыадамзаттық құндылықтар аясындағыорны мен мәні жайындағы алғашқы еркін, азат ғылыми ой-пікірлері бүгінгі жаһандану үрдісіндегі қазақруханиятының өзекті мәселелерімен сабақтас қарастырылып, маңызы айқындалды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 81, № 4, С. 105-118
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov