«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫ – М.О. ӘУЕЗОВ ЗЕРТТЕУІНІҢ НЫСАНЫ
Мақалада М.О. Әуезовтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» зерттеу еңбегі талданды. Эпикалықнарративте сюжеттік байланыс қызметін ата-бабаларымыз ертеде қалыптастырған отбасын құру ереже-заңдылықтары, солардың ішінде ең көне салттардың бірі – әлі тумаған перзенттерді атастыру салтыатқарады. Бұдан өзге сюжет құрамында архаикалық наным-сенімдерге негізделген басқа да салт,рәсімдерді көреміз, мысалы, бата, теріс бата, аруаққа деген құрмет, сөз құдіретіне бас ию, ант, анттыбұзу, сәуегей түс, т.б. Яғни, халықтың архаикалых таным-көзқарастары, салт-дәстүрлері ғашықтықжырдың жалпы фоны болумен қатар, шығарма фабуласында маңызды элемент/мотив ретінде көрінісберіп, сюжет құраушы мәнге ие болады. М.О.Әуезовтің бұл еңбегінде ғылымда алғаш рет «ҚозыКөрпеш – Баян сұлу» жырының көнелігі анықталып, шығу уақыты межеленді. Жырда халықтың этно-әлеуметтік тіршілігі, дәстүрлі мәдениетінің архаикалық қабаттары көрініс тапқаны дәйектелді. Авторкейіпкерлер бейнесін әлеуметтік этнопсихологиялық контексте қарастырып, олар әлемдік фольклорғатән, типтік образдар екені туралы маңызды қорытынды жасады. М.О.Әуезов отандық ғылымда біріншіболып қазақ романдық (ғашықтық) эпосына тән, жанрлық табиғаты, болмыс-бітімінен туындайтынконстантты тектік белгі/өлшемдерді атап көрсетті. Жырдың типологиялық тұрғыда әлемдік романдықэпос туындыларына ұқсастығы туралы, оның заңдылықтарына сәйкес жасалғаны жөнінде тұжырымдықорытынды жасады. Талдау нәтижелері бойынша М.О.Әуезовтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» еңбегітарихи-филологиялық зерттеудің классикалық үлгісі деген қорытынды жасалды. ХХІ ғасыр ғылымыныңконтексінде де еңбектің ғылыми-теориялық әлеуеті жоғары. Осы еңбектен кейін баспадан жарық көргенжұмыстардың басым көпшілігі М.О.Әуезов зерттеуінің арнасында жазылғандығын айта кету керек.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2023 · Т. 81, № 4, С. 31-46
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov