Central AsianResearch Index
Keruen2023

ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚТЫ БІЛДІРЕТІН РЕАЛДЫ-ТАРИХИ ЭПОСТАРДАҒЫ БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ

Мақалада реалды-тарихи жырлардың негізінде ақындардың қоғамдағы рөлі, ұлттықидеяны қалыптастырудағы орны, рухани ой-сананың өсуіне қаншалықты ықпал жасағандығықарастырылды. Реалды-тарихи эпостар – қазақ әдебиетінде мазмұны жағынан тарихи деректілігімен,жанрлық табиғаты жағынан поэтикалық ерекшеліктерімен көрінетін әдеби жанр. Тарихи жырларөзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, ондамыңдаған ғасырлардың тарихи оқиғаларының ізі бар. Тарихи жырларды шығарушылардың өздері солтұстағы тарихи оқиғаларды көзімен көрген ақын-жыраулар болған. Сондықтан тарихи жырлар көбінеоқиға болып жатқан сәтте туындап, оқиғаның себеп-салдарын түсіндіруге бағытталады. «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Сұраншы батыр» тарихи жырлары – әдебиет тарихынан өз бағасынайрықша алған ұлтымыздың өшпес те мол мұрасы деуге болады. Бұл жырларда елі мен жерін жауданқорғаған, атадан қалған ұлан-байтақ жерді ұрпағына аманат етіп қалдырған, ұлт тәуелсіздігі жолындақұрбан болған қазақ батырларының ерлік істері жырланады. Аталмыш мақалада қазақтың баһадүрбатырлары Исатай-Махамбет, Кенесары, Сұраншы сияқты батырлардың бейнесі тарихи эпостарнегізінде кең байтақ жазиралы даламызды сыртқы жаулардан қорғауда, Тәуелсіздік жолындағы күрестеерлік көрсеткен батырлар бейнесін аша отырып, оларды сомдауға қолданылған әдіс-тәсілдерге ғылымитұрғыдан талдау жасалып, мысалдармен дәлелденді. Ұлт азаттығы жолында шаһит кеткен батырлардыңобразы реалды-тарихи эпостарда кеңірек ашылған. Совет үкіметі тұсында жазылған зерттеу еңбектердеайтылмай, бұрмаланған деректер мен оқиғалар эпостық жырларды ап-анық көрсетілген. Мақаланыталдап, талқыла

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 80, № 3, С. 160-168
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov