Central AsianResearch Index
Keruen2023

ПОСТФОЛЬКЛОР: АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ ТАРАЛУЫ

Мақалада аңыздық прозаның киберкеңістікте таралу мәселелері қарастырылады. Қазіргізаманда интернет қауымның виртуалды зердесіне айналған, киберкеңістікте кез келген қолданушы желіарқылы келген фольклорлық мәтіндерді, аңыздарды оқып, көшіріп, тарата алады, ішінара оқиғалардыөзгертіп, сюжетін байытып немесе өңдеп, бөліседі. Кейбір интернет порталдар мен сайттардаақпарат беру мақсатында аңыздық прозаның мәтіндері фото және видео түрінде, жарнама қызметіндекеңінен қолданылады. Киберкеңістіктегі фольклорлық материалдарды шартты түрде фольклордыңтрансформациясы деп атауға болады. Дәстүрлі фольклор негізінде туындаған постфольклорлықаңыздардың ауызша-визуалды түрі басым. Мәтінде баяндау мен баяндаушы-тыңдаушы аңыздықпрозаны құруда маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі фольклордың көптеген жанрлары қолдану аясытарылғандықтан жаһандық әлеуметтік-коммуникативтік ортада сақталмайтыны белгілі. Соның ішіндетопонимдік аңыздарды интернет қолданушылары айналымға аз енгізеді. Дегенмен туризм бағытындағысайттар мен арнайы парақшаларда электронды фольклордың осы түрі белсенді қолданылады. Аңыздықпроза мәтіні «бақыт хаттарында» жиі кездеседі, оның бастапқы бөлігінде аңыз баяндалып, ал екіншібөлігінде желі арқылы келген мәтінді ары қарай таратпаса бақытсыздыққа ұшырау немесе таратсақауіп-қатердің алдын алатыны айтылады. Мақалада қазақтың тарихи, топонимдік және шежірелікаңыздарының киберкеңістікте таралуы тарихи жадымыздан хабар беріп қана қоймай, сонымен қатарұлттық мұрамызды жаңғыртуға септігін тигізетіні зерделенеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 80, № 3, С. 151-159
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov