Central AsianResearch Index
Keruen2023

МИФОЛОГИЯДАҒЫ ҚҰСТЫҢ ОРНИТОМОРФТЫ АРХЕТИПІ (А.КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ «ҚОҢЫРҚАЗ» ӘҢГІМЕСІ НЕГІЗІНДЕ)

Мақалада мифологиядағы орнитоморфты архетиптертің теориясы, оның ішінде «аққу-қаз» образына тоқталып, түркі халықтары, басқа да халықтар таным жүйесіндегі көрінісі айтылған. Түркілік танымда «аққу-қаз» адалдықтың, достықтың, киеліліліктің белгісі болса, басқа халықтарда екі әлемді жалғастырушы, адам жанының символы, балалардың қорғаушысы, құтқарушысы, адами және тәңірлік сипатқа ие бейне ретінде аңғарылады. Көркем прозадағы осы тектес мифтік сюжеттер неомифологиялық сипатпен поэтикалық жүйе құрайды. Бұл құбылысты әдебиет пен философиядағы постмодернистік бағыттың бір сипатына да жатқызуға болады. Готикалық стиль, магиялық реализм, мифтік реалийлер, мифологемалар, мифтік сюжеттер, мотифтер, штрих-детальдар – фантастикалық сарынның реализмге өту жолындағы шынайылық идеясын туындатуға себепкер болатын ұғымдар. Көркем шығармадағы магиялық реализм әдісінің қолданылуы – параллель өмірдің, жалпы диалектика заңдылықтарын, түрлі қоғамдағы кереғар құбылыстардың сипатын ашатын, гносеологиялық танымның иррационалдық тұрғыда жетілуі секілді көрінгенмен, ұттық кодификация, қазақы түсінік, халықтық пайым негізінде өрбитін ерекше бағыт. Жазушының «Қоңырқаз» әңгімесіндегі түрлі мәселелердің қамтылуы – бір шағын ғана эпикалық туындының бойында бірнеше идеяның бірігуінде. Шығарманың шешімі симуляциялық сипатқа ие болғанымен, оқырманның «алдануы» магиялық реализмнің негізін тануына себеп болды. Постмодернистік бағыттағы көркем шығармалардағы басты ерекшелігі– интермәтінділіктің бірнеше әдістерінің сюжеттік желіде орын алуы. Реминисценция әдісінің, яки мифтік түпкі танымның жаңаша «сипат» алып, магия мен реализмнің қатар ұштасуы – шығарманың идеясын нақтылайтын фактордың бірі. Сондықтан да көркем туындыдағы интермәтінділік мәселесі де бірнеше бағыттар мен ағымдардың басын біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар туындының поэтикалық болмысына әсер етеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 79, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov