Central AsianResearch Index
Keruen2023

ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР (А.Асылбек шығармаларының негізінде)

Мақалада қазақ балалар әдебиетінің ірі өкілі Абдрахман Асылбектің шығармашылық әлеміне шолу жасалып, ақынның қаламгерлік қолтаңбасы айқындалады. Автор А.Асылбектің лирикалық туындыларына, ән өлеңдері мен ертегілеріне, сатиралық шығармаларына және балалар поэзиясының үздік үлгісі саналатын басқа да таңдаулы туындыларына талдау жасап, олардың көркемдік қырларына, тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне тоқталады. А.Асылбектің өлеңдері туралы баспасөз беттерінде жылы пікірлер айтылғанымен, оның шығармашылық портреті әдебиеттану ғылымының аясында жазылған емес. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ балалар поэзиясы – көп зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі. Ал осы бағытта қалам тербеген ақындардың шығармашылық лабораториясына үңіліп, сол арқылы қазіргі балалар поэзиясының беталысын бағамдау, көркемдік үрдістер туралы тұжырымдар жасау әдебиеттану ғылымының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мақала авторы А.Асылбектің шығармашылығын толық қамтуға тырысып, сол арқылы оның өзіне тән ақындық машық-мәнеріне, қаламгерлік әлеуетіне, моральдық-этикалық нормаларды балаларға лайықтап жеткізудегі шеберлігіне және мысал жанрындағы көркем туындыларының тәрбиелік мәніне баға береді. Сонымен бірге, А.Асылбектің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесін саралап, оның ақындық кредосын зерделейді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 79, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov