Central AsianResearch Index
Keruen2023

ҚАЗАҚ ПОСТФОЛЬКЛОРЫ: ЖАНРЛАР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Мақалада постфольклордың отандық және шетелдік фольклортану ғылымында зерттелуіне шолу жасалып, ел ішіндегі қауесеттен бастап интернет-фольклорға дейінгі виртуалды коммуникацияны талдаудың қолданбалы аспектілері алғаш рет сараланды. Қазіргі таңда фольклордың статусы өзгеріп, көптеген фольклор жанрлары жаһандану жағдайына байланысты едәуір трансформацияға түскен. Зерттеу нысаны ретінде әлеуметтік желі арқылы таралған постфольклорлық мәтіндер (постфольклордың шағын жанрлары, аңыздар, ғибратты әңгімелер, баталар, жарапазандар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер) қарастырылды. Оларды миллиондаған желі қолданушылар оқиды, көшіріп өңдейді, таратады және пікір жазады. Мақалада фольклор заңдылығымен дамитын, бірақ дәстүрлі фольклорға жатпайтын, күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған постфольклордың қолданыстық қызметі дәйектелді. Классикалық фольклордың жанрлар жүйесінің постфольклордағы өзгерістері сипатталды, ғұрыптық фольклордың трансформациялануына, бата-тілектердің көпнұсқалығына, постфольклордағы шағын жанрларға, прозалық фольклорға талдау жүргізілді. Қазақ фольклорының интернет желісінде өмір сүру мүмкіндігі ғылыми тұрғыда зерделеніп, оған баға беру қажеттігі контент талдау барысында дәлелденді. Интернет желісіндегі фольклорлық мәтіндерді іздеу, жиналған мәліметтерді базада сақтау, жүйелеп өңдеу, big data мәліметтермен жұмыс, статистикалық талдау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жүздеген адамға сауалнама жүргізілді, оның статистикалық нәтижесі сарапталды. Қазақ постфольклоры үлгілерін зерттеу бүгінгі күнге дейін фольклортанушы ғалымдардың назарынан тыс жатқан мәдени мұраны зерделеуде түбегейлі жаңа көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу отандық фольклортану тарихнамасы мен дерекнамалық базасын айтарлықтай кеңейтеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 79, № 2
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov