І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛТЫН ОРДА» ТАРИХИ ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕЯ ЖӘНЕ ТАРИХИ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мақалада Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясындағы мемлекеттік идеяның көркем түрде көрініс табуы мен тарихи тұлғалардың бейнесін жасаудағы жазушының шеберлігі басты назарға алынған. Алтын Орда дәуіріндегі тарихи оқиғалар, саяси-әлеуметтік мәселелер, билеушілердің басқару шеберліктерін суреттеудегі ерекшеліктерге мән беріледі. Авторлар тарих бетіндегі айтулы кезең Алтын Орда дәуіріндегі Бату, Сартақ, Берке, Құбылай, Құлағу, Мөңке Темір, Өзбек, Құтлық Темір, Жәнібек, Келдібек, Наурызбек, Орыс, Тоқай Темір, Тоқтамыс, Мамай, Темір-Құтлық хандар мен Ақсақ Темір секілді кейіпкерлер төңірегінде өрбитін оқиғалар негізінде шығармадағы мемлекет ісіне байланысты детальдарды саралайды. Сондай-ақ шығармадағы оқиғалар хронологиясының сақталуына тарихи-функционалды шолу жасалып, шығармадағы өмір шындығы мен көркем шындықтың ара-жігі талданады. Көркем шығармадағы образдар мен оқиғаларды ашу мақсатында пайдаланылған көркем детальдарға мән беріледі. Романда ислам дінінің сол дәуірде таралуы мен дамуына да сипаттама беріледі. Зерттеу барысында роман трилогияның баяндау жүйесінде этнографиялық өрнектердің пайдаланылатыны көрсетіледі. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары турасындағы шежірелер мен тарихи деректерді пайдалану реті негізгі оқиғалардың тарихпен қандай үйлесім-сәйкестікте екендігіне мән беріледі. Шығармаға арқау болған оқиғалар мен тарихи дерек көздерінің дәлдігі, оқиғалар мен кейіпкерлердің нақтылығына назар аудартады. Трилогияда Алтын Орда дәуіріндегі көшпелі ұлт руханиятының тұрмыстық этнографиялық мәдениеті ұлттық бояуымен шынайы бейнеленген.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2023 · Т. 79, № 2
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov