РЕСЕЙ МҰРАҒАТТАРЫНДАҒЫ МҰХТАРТАНУ: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ҒЫЛЫМИ ДИСКУРС
Мақалада Мұхтар Әуезовтің өмірі мен көркем прозасының, әсіресе «Абай жолы» роман эпопеясының жазылу барысы, оның орыс тіліне аударылу тәжірибесінің ХХІ ғасырдағы Ресей әдеби, мәдени, көркем сынында көрініс табуы, оларды әлемдік және одақтық көркемдік кеңістікте насихаттау, жариялау, талқылау, таныту мәселелері қарастырылған. Көрнекті суреткер, академик М.Әуезов жазған «Абай жолының» орыс тіліне аударылып, жариялануы ресей әдебиеттануында қызу талқыға түсуі, оның әдеби және саяси себеп-салдарына, оларды ұйымдастырудағы көрші ел әдебиетшілері мен сыншыларының шығармашылық және ғылыми әдістеріне талдау жасалды. Сондай-ақ ұлы суреткердің Абай туралы философиялық ойлары, шығармашылық мақсаты, бейнелеу тәсілдері барысындағы ізденістері мен суреткерлік шеберліктеріне орыс әдебиеттанушыларының бүгінгі көзқарастарына, бағаларына түрлі мақсаттағы, саяси, әдеби, ғылыми танымдарына, арнайы, мақсатты түрде жүргізілген жүйелі жұмыстарына ғылыми, әдебиеттану ғылымының кәсіби талабы бойынша теориялық тұрғыдан интерпретация жасалды. Осы күнге дейін бұл тақырып жан-жақты әрі түбегейлі зерттеле қойған жоқ. Және соңғы жылдары, әсіресе тәуелсіздік тұстары орыс әдебиетінде көптеген жарық көрген ғылыми зерттеулер, тарихи танымдық туындылар, өзге де архивтік құжаттар негізінде тың материалдар табылып, бұрынғы мәтіндерге беймәлім мұралар қосылып, жаңа көзқарастар, тың сараптамалар жасалауға мүмкіндіктер ашылып отыр. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың тарихи және әдеби деректер табылып, үлкен мәдени, әдеби дискурстарға дәнекер болуда. Жазушының «Абай жолы» романының тағдыры бойынша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстар, монографиялар, танымды туындылар, тарихи құжаттар т.б. жарық көрді. Қазіргі технология заманының талабына сай әр түрлі ақпараттық электрондық арналар мен порталдардағы ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты сенімді-сенімсіз ресурстар мазмұны М.Әуезов негізін қалап кеткен абайтану саласындағы мәңгілік мәтіндермен, тұрақты канондармен, ғылыми тұжырымдармен, тарихи деректермен салыстырмалы аспектіде қарастырылды. Мақалада М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ақын бейнесінің көркем образына орыс әдебиетінде берілген бағаға бүгінгі көзқарас тұрғысынан салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалды. Нәтижесінде М.Әуезовтің ғылыми зерттеу еңбектері мен роман эпопеясындағы тарихи және көркем шындықтардың бір-бірімен тығыз үйлесімділігі, рухани үндестігі негізсіз еместігі, олардың орыс әдебиеттануында зерттелуінде, талқылануында саяси астар алып, ұлттық сөз өнеріндегі өнегелі тұстары өзгеше өң алып, көбінде бұрмаланып баға берілгені, талдаулардағы кеткен кемшіліктер бүгінгі ғылыми талап негізінде айқындалды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2023 · Т. 79, № 2
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov