НАР/БАКТРИАН БЕЙНЕСІНІҢ КӨНЕ МИФОЛОГИЯ, ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ МЕН ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЕМАНТИКАСЫ, ҚЫЗМЕТІ
Мақалада көне мифология мен қазақтың дәстүрлі мәдениетінде және қазіргі прозасындағы түйе бейнесінің қастерлену, поэзиялану процесі қарастырылды. Түйе культінің қалыптасу, трансформациялану кезеңдері мен контекстері, оның ғасырлар бойғы үдерістің әр кезеңіндегі семантикасы мен қызметі анықталып зерттелді. Қола дәуіріндегі адамдардың жартас өнерінде түйе образы маңызды орынға ие болды. Авесталық солярлық құдайлар Веретрагна мен Вайо культі кең қанат жайған дәуірлерде түйе күн құдайларының аватарасы саналып, олардың жердегі бейнесі статусына дейін көтерілді. Скиф-сақ дәуірінде түйе Жетісуды жайлаған сақ, үйсіндердің мифологиясы мен өнерінің тұрақты образына айналды. Ал түркі этникалық субстраты үстемдік құрған замандарда түйе культі ғұрыптық мәдениет пен вербальды фольклорда өзекті мән-мағынаға ие болды. Тайпалардың ұжымдық бейсаналық және фольклорлық жадындағы архаикалық танымдар түйе мифологемасының идеологиялық негізін құрады: дәстүрлі мәдениетте Аспан мен Жер арасындағы делдал миссиясын орындайтын, адамдарды күнәлардан арылтатын, «ғарыштың символы», қорғаушы, психопомп, су иесі ретінде құрметтелетін қастерлі түйе образы жасалды. Қазіргі әдебиетте нар/аруана мифологемасы бүгін мен өткенді байланыстыратын, ғасырлық құндылықтарды тасымалдайтын мәдени код қызметін атқарады. Авторлар ана махаббатын, туған жерге деген сүйіспеншілікті, т.б.с.с. жалпыадамдық құндылықтарды бейнелейтін нар/аруананың поэтикалық бейнелерін жасады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2023 · Т. 79, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov