Central AsianResearch Index
Keruen2023

ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ ЖӘНЕ «САРЫАРҚА» ГАЗЕТІ

. Бұл мақалада қалың қазақ арасына кең тараған «Сарыарқа» газетінің ұлт үшін тигізген орасан зор пайдасы мен газеттің ұстанған бағыты туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, алаш қозғалысының белді өкілдерінің бірі, Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайланған мүшесі Халел Ғаббасовтың ел үшін еткен ерен еңбегі мен «Сарыарқа» газетінде жарияланған мақалалары талданады. Халел Ғаббасовтың «Мемлекет күйі» атты тарихи ғылыми-публицистикалық мақаласындағы жер, ел тағдыры, оқу-білім, ғылым, әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайына байланысты айтқан ойлары және сонымен бірге қазақ демократиялық баспасөзінің қалыптасуына қосқан зор үлесі турасында айтылады. «Сарыарқа» газетіндегі көсемсөз шығармаларына тоқталып, сараптама жасауға талпыныс жасалады. Х.Ғаббасовтың өмір жолы мен атқарған қызметін жоғары бағалаған ғалымдардың зерттеулері де назарға алынады. Халел Ғаббасовтың барша Алаш жұрты атынан Сталинмен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде қазақтың ұлттық автономиялық үкіметі Алашордамен тең дәрежеде деген шешімге келгендігі туралы сөз болады. «Алаш автономиясы» атты еңбегінде қайраткер болашақта Алаш автономиясы орныққаннан кейін қазақ-қырғыз балалары бұра тартпай осы үкіметке сеніп іс қылулары керек деген тұжырымын келтіреді. Алаш қайраткерлеріне арнап жазған С.Торайғыровтың «Таныстыру» атты поэмасында Халел Ғаббасов туралы берген өлең жолдарының мәні туралы айтылады. Газет беттерінде жарияланған мақалаларындағы алашшылдық идеясының ұлт дамуы мен болашағындағы орны көрсетіліп, нақтыланады. Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері қатарында ауызға алынады. Болашақта Халел Ғаббасовтың қазақ ұлты үшін жасаған қызметі мен шығармашылығы терең зерттеліп, үлкен ғылыми еңбектің тақырыбына айналады деп үміттенеміз.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 78, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov