Central AsianResearch Index
Keruen2022

АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫНЫҢ «ҒАЗИЗ ПІРЛЕР ЕСТЕЛІГІ» («МАНАҚИБ ПИРОН ҒАЗИЗАН») КІТАБЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада ұлт ақыны, ғұлама ойшыл – Ақыт Үлімжіұлының ХХ ғасырдың басында Қазанда жарық көріп, кейіннен «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының сирек қорында сақталған «Минақиб пиран ғазизан» («Ғазиз пірлер естелігі») кітабының текстологиялық мәселелері сөз болады. Ақынның елді білім мен ғылымға үндеген өлең-толғаулары, түрлі тақырыптағы жыр-дастандары, өлеңмен жазылған романдары, Абай хәкім бастаған алашшылдармен үндес шығармаларының қазақ әдебиетіндегі тиісті бағасы әлі күнге толық берілді деп айта алмаймыз. Бұған ақынның Монғолия мен Қытай тарапында өмір сүруі және елімізде ақын шығармаларының тәуелсіздік алған жылдардан кейін ғана насихаттала бастауы себеп болса керек. Біз осы зерттеу жұмысында Ақыттың сирек қорда сақталған «Минақиб пиран ғазизан» («Ғазиз пірлер естелігі») кітабында келген шығармалардың мазмұнымен танысамыз. Сондай-ақ аталған еңбек кейінгі жылдары (2011) жарық көрген ақынның толық шығармалар жинағымен салыстырылып, қырқарту мен толықтырулардың орын алғаны дәйектеледі.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 77, № 4, С. 239-253
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov