ИНТЕРНЕТ-ӘДЕБИЕТІ ҰҒЫМЫН ТЕОРИЯЛЫҚ, ӘДЕБИ ТАЛДАУ
Бұл мақалада қазақ әдебиеттануында алғаш рет интернет әдебиетін теориялық және әдеби тұрғыдан түсіну мәселесі көтеріліп, осы мақаланың өзектілігі анықталады. Интернет-әдебиет қазақстандық әдебиеттанумен зерттелмеген. Қазіргі уақытта интернет-әдебиет мәселесіне арналған негізгі академиялық жұмыстардың тапшылығы байқалады, зерттеулер бастапқы кезеңде, ал онлайн әдебиетті зерттеу дәстүрінің өзі енді ғана пайда болуда. Желілік материалдарды зерттеушілер бұрыннан қалыптасқан, бар әдістемені жиі пайдаланады және интернет көптеген пәндердің зерттеу объектісіне айналғанына қарамастан, біздің елімізде интернет-әдебиеттер зерттелмеген және стандартты емес көркем материалды талдау әдістері де дамымаған. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№AP13067661 «Қазақстанның интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» гранты).
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 77, № 4, С. 231-238
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov