Central AsianResearch Index
Keruen2022

ӘБДІҒАЛИ САРИЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ұлтымыздың ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы көрінісі, ел тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, ұлы мүддесі патшалық Ресейдің тұсында да, Советтік саясат кезеңінде де өз деңгейінде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология тасасында өз бағасын ала алмай келді. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің ақтаңдақ беттері тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Ақындар мұрасы қайта қаралып, архивтерде шаң басып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Өткен ғасырдағы халық ақындары шығармашылығының халқымыздың рухани өмірінде алатын орны туралы айтылып та, жазылып та келді. Алайда кеңестік тәртіптің кесірінен әдебиетіміз тек біржақты көрініс алып, көбінде саяси көзқарастардың ығында кетті. Еліміздің әр түкпіріндегі кейбір халық ақындары мен олардың шығармашылығы танымал тұлғалардың тасасында қалып қойғандықтан, олар туралы іргелі зерттеулер жүргізіліп, еңбектері ғылыим айналымға түсті деп айта алмаймыз. Дәл осындай халық ақындарының бірі және бірегейі Әбдіғали Сариев. Мақалада халық ақыны Әбдіғали Сариевтың шығармаларының тақырыбының әр алуандылығы мен жанрлық ерекшеліктері сөз болады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 77, № 4, С. 220-230
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov