БЕЙСЕНБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Мақалада автор бүгінгі таңдағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Бейсенбай Сүлейменов шығармашылығын басты талдау нысанына алады. Қаламгердің шығармашылығы бұрын-соңды ғылыми айналымға түсіп, зерттелмегендігімен бұл тақырып өте өзекті. Мақаланы жазу барысында балалар әдебиетіне өлшеусіз қызмет көрсеткен жазушы шығармашылығының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктеріне назар аударылып, оның балалар психологиясы мен танымына, эстетикалық қабылдауына әсері жан-жақты сараланды. Б.Сүлейменовтің авторлық қолтаңбасын анықтау компоративистикалық және нарративтік, герменевтикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асты. Әлемдік деңгейде кеңінен тараған шығармалар жазушы туындыларында қалай интерпретацияланғанына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Жазушының талдау нысанына алынған әңгіме, повестері, сондай-ақ заманауи ертегілерінің тілінің тазалығы мен ерекшелігі, тәрбиелік қырына мән беріліп, оның тақырып таңдаудағы шеберлігі, заманауи мәселелерді көркем бейнелеуіне назар аударылады. Автордың жаһандық мәселелерді, өзге мемлекеттердің тарихы мен географиялық деректерді балалар талғамы мен психологиясына сай жеткізуде қандай көркемдік тәсілдерді пайдаланғаны анықталады. Жазушының шығармашылық лабораториясы, оның әлемді саяхаттауы мен кәсіби мамандығының көркем шығармаларына тигізген әсері де назардан тыс қалмай, оның қазіргі балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне ғылыми баға беріледі. Тұтас шығармашылығы мен өмір жолын балалар мен жасөспірімдерге арнаған жазушының туындыларындағы ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміздің қалай бейнеленгені, жазушының өз идеясын жеткізуде қандай әдістер қолданғаны туралы баяндалады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 77, № 4, С. 163-177
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov