АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Абай мұрасы – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік қымбат қазыналардың бірі. Бұл қазына күн өткен сайын маңызы тереңдеп, зерделеген сайын тылсым сырларға жетелей береді, нәтижесінде жаңа тұжырымдар мен жаңалықтар табылуда. Бұл өз кезегінде өткеннің өнегесі ғана емес, жаңа Қазақстанды әлемдік мәдениет көшінің алдыңғы қатарынан табылуында рухани бастаушы екені анық. Ал, Шерхан Мұртаза болса, ХХ ғасырдың кесек тұлға, кенен дарыны. Ендеше екі ұлы тұлға шығармашылығында ой-таным үндестігінің болуы заңдылық. Тәуелсіз еліміздің руханиятының бәйтерегіне саналған Шерхан Мұртаза да әрбір ұлы тұлғалар секілді Абай мектебінен нәр алды, рухани қуаттанды. Өмір теперішін көп көрген бала Шерханның дана тұлғаға айналуында жастайынан құныға оқыған Абай жырлары, нақылдарының ерекше ықпалы болғандығы жазушының өмірбаяндық мақалаларында да көптеп айтылады. Дегенмен, әлі күнге дейін ғылыми зерделенбей келеді. Осыған байланысты мақалада Шерхан Мұртазаның тұлғалық жетілуіне, шығармашылық тұғырнамасын айқындауда ықпалы өте зор болған Абай дәстүрі ғылыми талданып, ақын мұрасының көрініс тапқан қырлары зерттеледі. Абай мұрасы мен Ш. Мұртаза шығармашылығы арасында рухани сабақтастықтың арналары мол деуге болады. Мақалада екі сөз зергерінің әлеміндегі сабақтастық, ортақ гуманистік, қоғамдық дүниетанымдары мен ойшылдық, ұлтына деген ерекше сүйіспеншілік, қайраткерлік болмысының арасындағы үндестік сырларын зерттеу өзекті деп танылады. Сонымен қатар, талдау, салыстыру, ғылыми пайымдау әдістері қолданылып, нәтижесінде Шерхан Мұртазаның өз шығармашылық мұрасы арқылы Абай даналығын, Абай дәстүрін жалғастырушы, ұлттық әдебиетіміздің тау тұлғасы Абай шығармашылығынан өз кезегінде Шерхан Мұртазаның да қажетінше сусындап, азаматтық, тұлғалық жетілу барысында үлгі-өнеге алғандығы дәйектеледі. Абай шығармалары, даналыққа толы ой-идеялары – тәуелсіз мемлекетіміздің қайсыбір өзекті мәселесінің де сәтті шешілуінің кепілі екендігі тұжырымдалады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 77, № 4, С. 51-61
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov