Central AsianResearch Index
Keruen2022

БЕГАЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ ҮРДІСІ

Ұлттық санамызды да, көркемдік қабылдауымызды да тез құбылтып жататын осынау жиырма бірінші ғасырдың биігінен артымызға көз салатын болсақ, ұлы есімдердің өзі уақыт шаңына жұтылып, тез көмескіленіп бара жатқанын байқаймыз. Көркемдік сипаты жалпы ортақ талапқа өз деңгейінде жауап бере алатын көптеген туындыларды өмірге әкелген, өз заманының танымал қаламгері болған Сапарғали Ысқақұлының балаларға арналған шығармалары жиырма бірінші ғасырдың биігінен қараған жағдайда да идеялық-көркемдік құнын жоғалта қойған жоқ. Мақалада қазақ балалар әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы қарастырылып, оның жекелеген шығармалары ғылыми-аналитикалық тұрғыдан талданады. Сонымен бірге жазушының шағын жанрлардағы және поэзиялық шығармалары жөнінде ақпараттар беріледі. С.Бегалиннің басқа да замандас қаламгерлері тәрізді арнайы акцент жасай отырып жазған тақырыптарының бірі – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес халқының қаһармандық ерлігі. Оның Кеңес одағының батыры атағын алған жерлесіміз Нұркен Әбдіровтың ерлігін жырлауға арналған «Қанатты қазақ» поэмасының көркемдік лейтмотиві патриоттық екпінге толы. Батыр ұшқыштың туған елі, халқы үшін өз жанын пида етуін ақын әжептеуір шеберлікпен бейнелей алған. Қазақтың қос қаһарман қызы Әлия мен Мәншүкті прототип етіп алған «Ажар» поэмасында ел басына қатер төнген шақта қазақ қызының өзі сұранып, майдан шебіне аттануы, сол соғыста көрсеткен ерліктері суреттеледі. Негізінде өзі қатарлас қаламдастарына қарағанда, ақын жырларында лирикалық-романтикалық сипаттары басымдау болып көрінеді. Әсіресе көбірек талданатыны – «Бала Шоқан»,«Сәтжан» повестерінің көркемдік жетістіктері. С.Бегалиннің балаларға арналған шығармаларының өзінде уақыт тынысы, тарихи шындықтың көркемдік шындыққа айналуындағы шығармашылық ізденістері сәтті көрініс тапқан. Талдаулар нәтижесінде зерттеу нысанының өнер әлеміндегі жетістіктері дәлелденіп, бұл жазушының қазақ балалар әдебиетіндегі орны жайлы жекелеген қорытындылар жасалады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 77, № 4, С. 40-50
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov