Central AsianResearch Index
Keruen2022

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ СТАНОКТЫ ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МОТИВТЕР

Мақала Қазақстанның заманауи графикасының негізгі стратегияларының бірі, оның фольклорлық мотивтерге ұлттық тәжірибенің, рухани құндылықтардың, тарихи тағылымдардың квинтэссенциясы іспетті қаралуын паш етеді. Бүгінде фольклор жаһандану дәуіріне тән мәдени ығыстырылу ағымына қарсы тұруға мүмкіндік беретін ұлттық теңдестірілудің қайта танылуы мен терең зерделенуіне үлкен мүмкіндік екені қозғалады. Мақалада фольклор арнайы зерттеу нысанасына айналып, кең көлемде, тереңдей қарастырылады. Фольклор – әлемдегі барша халықтардың ұлттық мәдениетінің қайнар бұлағы, тарихи жадының, дәстүрлі дүниетанымының алтын қоры, рухани жан дүниесінің айнасы. Елдің ежелгі дүниетанымын саралауда, өмір салты мен рухани әлемін бағамдауда одан өткен кенен қазына, құнды да құнарлы дерек көзі жоқ. Осы орайда, графика өнеріндегі фольклор мотивтерін зерттеу ұлттық келбетті айқындау болып табылады. Фольклордың сөз өнерімен байланысы өте тығыз әрі өте маңызды. Бір жақты түсіну фольклордың эстетикалық-эмоциялық қасиетін төмендетіп, аясын тарылтады. Ұлттық қорымыздағы фольлорлық мол мұрамыздың графикадағы көрінісін зерттеу мәселесі де маңызды болып табылады. Сондықтан, халықтың дүниетанымы мен ұлттық болмысын өнертанудың жаңа талаптары тұрғысынан саралау – бүгінгі өнертану ғылымындағы өзекті әрі басты мәселелердің бірі екендігі сипатталады. Н.Бажировтың, Д.Қастеевтің, Ш.Тұрғановтың туындыларын зерттей келе, заманауи жағдайларда станокты графикада фольклоризмге саналы түрде ден қоя отырып, өткен заман туралы ой түйіп, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің жаңа тәсілдерін байқалғандығы жазылған. Анағұрлым маңыздыларының қатарында қазақ жерінің бүтіндігін сақтау жолында ұлтымыздың мәдени мол мұрасын паш етіп, қазақ ұлтының Тәуелсіздігін қорғау жолында жанын құрбан етуге даяр батырларымыздың тұлғалары бейнеленген графикалық жұмыстарға сипаттама жазылды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 76, № 3, С. 285-303
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov