«ҚҰЛАГЕР» ҚОЙЫЛЫМЫНДАҒЫ АКТЕРЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК ТӘСІЛІ ЖӘНЕ КЕЙІПКЕР СОМДАУДЫҢ СТИЛІ
Мақалада Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында «Құлагер» шығармасының желісімен қойылған спектакльдегі актерлердің жұмыс жасау тәсілі толық талданады. Автордың мақсаты актерлердің режиссермен жұмыс жасау әдістемесі, образ сомдау кезіндегі техникасын дамытатын жаттығулар, жаттығуларды қолданудың теориялық және тәжірибелік әдістемесін ашу. М. Чехов әдістемесінің актерлердің роль сомдау деңгейін арттырудағы маңыздылығы жоғары. Сондықтан автор өзіңнен өзгеге өту үдерісіне жету жолдары жайлы талдаулар жасайды. Актер өнерінің іргетасын қалаушылардың ой-пікірлері, осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданған әдіс-тәсілдер басшылыққа алынды. Жұмыста соңғы он жылдықта ұлттық сахна өнерінде жаңаша бағытқа ауысып, өзгеше стиль қалыптастырғысы келіп жүрген актерлердің рольдеріне де шолу жасалып, олардың жұмыстарының ерекшеліктері талданады. Актер шеберлігінің негізгі іргетасы этюд жасау мен тренингтерден тұратыны мысалдар арқылы келтірілді. Нәтижелер мен қорытындылар заманауи театр өнеріндегі үрдістерді сипаттауға, қазақ сахнасында жаңа стильді қалыптастыруға тырысып жүрген актерлердің бағыттарын анықтау тұрғысынан маңызды. Осы ретте «Құлагер» шығармасының желісі бойынша қазақ сахнасындағы қойылымдарды сипаттай келе, автор актерлер құрамының өнеріне талдаулар жүргізіп, жаңашылдықтың деңгейіне берген бағасы маңызды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 76, № 3, С. 272-284
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov