Central AsianResearch Index
Keruen2022

ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Автордың мақаласы қазіргі таңдағы Қазақстан кескіндемесіндегі тарихи тақырыптардың қайта жаңғыруна арналған. Қазақстан кескіндемесіндегі алғашқы кезден-ақ қазақ жұртының жүріп өткен жолы берілген көріністер өткенді қабылдауға жақын болды. Осылайша тұрмыстық шешімде көрініс тапқан тарихи жанр кенепте ұлттық нақыштарды, тыныштық күйіндегі лирикалық көңіл күйді өзара үйлескен жағымды түстермен шешіп отырды. Майлы бояумен көрініс алған шығармалар өткен дәуірлерден қалған естеліктердің жиынтығы секілді әсер қалдырады. Тұрмыстық көрініспен астасқан тарихи көріністер көрушіге өткен ғасырлардан қалған сағымдай көрінуінің де себебі осыдан. Мұндай көңіл-күйдегі шығармалардың көпшілігі шынайы тарихи болмыстан, деректен тыс көрерменді көңілдегі естеліктер түпкірінде жатқан көшпенділер әлеміне қарай жетелейді. Қазақ халқының көшпелі мәдениетінің дәстүрлі әлеміне деген қызығушылық өткеннің жарқын бейнесін, кең байтақ өлкеміздің, бүкіл өмір тіршілігінің қайнар көзін жадымызда сақтау ниетінен туындады. Суртшілер туындылары халықымыздың өткен өмір-тіршілігін, тұрмыс-салтын көруші қауымға кеңінен жетізуге мүмкіндік беруде. Тарих халқымыздың өткен тұрмыс-тіршілігінен, елдің ауыртпалығы мол қиын-қыстау күндерінен, мемлекеттің жай-күйінен хабар беріп, ұлтымыздың ұмытылуға айналған асыл мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін басты құрал болып табылады. Бүгінде бейнелеу өнеріндегі мәдени жад ұғымы да осы тарихи кезеңдерді көркем бейнеде көз алдымызға әкеліп, өткенімізді қайта жандандыруға себепші болған, көмекші құралдардың бірі болып отыр. Сол себепті де, Қазақстан өнері дамуының қазіргі кезеңінде мәдени сәйкестік, ұлттық құндылықты сақтау мәселесі басты орында тұр.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 76, № 3, С. 241-248
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov