ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ САКРАЛЬДЫЛЫҚ ҰҒЫМ-ТҮСІНІКТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
Мақалада қазіргі қазақ әңгімелерінің табиғатына тән қастерлі (сакральді) ұғым-түсініктердің көркемдік қызметін әр түрлі аспектіде арнайы қарастыруға талпыныс жасалды. Талдау нысанына алынған белгілі қаламгерлерлер: Т.Нұрмағамбетовтің «Әулет иесі», «Ата қоныс», Қ. Жұмаділовтің «Құзғынның өлімі», М.Мағауиннің «Қара ләйлек», Т.Сәукетайдың «Сүйек» , Н.Ораздың «Жылқының көз жасы», А.Алтайдың «Көзжендет», Ә.Салықбайдың «Құлыптастың киесі» атты әңгімелеріндегі атамекен, туған жер, аң-құстың киесі, ұрпақ жалғастығы, отбасылық құндылықтарға қатысты дәстүрлі таным-түсініктердің кейіпкер болмысын ашу, автордың ұстанымын, стильдік шеберлігін танытудағы мәні ғылыми тұрғыдан зерделенді. Бұған дейін әртүрлі ғылым салаларының аясында зерттелгенімен, әдебиеттану ғылымында арнайы қарастырылмаған қастерлі ұғым концепциясының әңгіме жанрындағы көркемдік қызметін талдау арқылы оның әңгіме мәтініндегі сан түрлі семантикасын ашу көзделді. Зерттеу аясында әдебиетану ғылымындағы соңғы ғылыми ой-тұжырымдарға сүйене отырып, көркем әдебиет пен фолькор байланысы заңдылығы аясында ой-тұжырымдар түйінделді. Сакральдылық мазмұнының концептік сипаты мен фольклоризмге қатысы назарға алынды. Сондай-ақ көркем мәтінді талдау барысында түрлі ғылым салаларындағы (этнография, психология, философия т.б) «сакральдылық» ұғымына қатысты ой-тұжырымдар сабақтастықта қарастырылды. Дәстүрлі уақыт пен кеңістік мәні арқылы сакральдылық ұғымының авторлық ұстаным, авторлық шешім, кейіпкер болмысы мен іс-әрекетінің мақсатын танытудағы шығарма поэтикасындағы қызметіне мән берілді. Әрбір қаламгердің ерекшелігі мен ортақ ұстанымдары айқындалды. Көркем әдебиеттегі сакральдылық тақырыбының жалғастығын таныту мақсатында аға буын мен орта буын жазушылар әңгімелері талданды. Мақалада талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Зерттеу нәтиежесінде ұлттық танымдағы қастерленген ұғымдардың әңгіме құрылымындағы әр қилы қызметі сараланып, символ, түс көру, ішкі монолог, баяндау, диолог, әңгіме ішіндегі әңгіме, еске түсіру, әңгімелеу әдістері, заттар әлемі т.б психологизмнің әдіс-тәсілдері аясындағы мәні ашылды. Мақала мақсатына сәйкес зерттеу нәтиежесінде халықтың ғасырлар бойғы қастер тұтқан түсініктерінің бүгінгі заманның өзекті мәселелерін қозғап, ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытындағы мән - мағынасы бағамдалды. Сонымен қатар мақалада зерттеу нысанына алынған авторлардың шығармаларына ортақ дәстүрлі таным мен жаңа заманғы көзқарастардың рухани сабақтастығы жайында ой-тұжырымдар түйінделді. Зерттеу нәтиежелері прозадағы қастерлілік (сакралді) мәселесі жайындағы ізденістерге дереккөз бола алады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 76, № 3, С. 216-231
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov