Central AsianResearch Index
Keruen2022

«Ар – ұждан» концептісінің мақал-мәтелдерде және ұлы философтар еңбегінде алатын орны: Мақал-мәтелдердегі "ар-ұждан" концептісі

Нақты әрі көркем қазақ тілі әсіресе мақал-мәтелдерге бай. Қуаныш пен адамдық азап, күлкі мен көз жасы, махаббат пен ашу, сенім мен сенімсіздік, ақиқат пен жалған, шындық пен өтірік, сенім мен үміт осынау парасат пен өмір танымының ұйыған тұңғиығынан бізге жеткен. Мақал-мәтелдер халық жадында берік сақталған. Олардың есте сақталуына айтылуының әртүрлі әуезділігі, әдемі ұйқасы мен ырғақтары ықпал етеді. Мақал-мәтелдер қарапайым халықтың өмірлік көргендері мен тәжірибесінен алған өмір сабақтарын есте сақтаудың бірден-бір жолы болды. Мақал-мәтелдердің көпшілігі адамның адамгершілік болмысы – жақсылық, жамандық, аяушылық, жанашырлық, намыс, ар-ұждан сияқты ұғымдардың мазмұнын іздестіру, анықтауға бағытталған. Әртүрлі тақырыптарға жинақталған мақал-мәтелдер әрбір адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірінің барлық кезеңдерін рухани тұрғыдан реттеп отыратын қағидалар жиынтығы секілді. Адамзат баласы үшін бақыт әрқашан адамгершілік тазалықпен және рухани үйлесімділікпен тікелей байланысты, сонымен қатар өз ар-ұжданымен үйлесімді өмір сүретін адамды ғана бақытты деп санайды. Мақалада осы тұжырым аясында қазақ мақал-мәтелдеріндегі «ар-ождан» ұғымының семантикалық мазмұнын қарастырылады. Ар-ұждан туралы мақал-мәтелдердің құндылығы, халық арасында кең таралу себебі, ең алдымен, мазмұнының тереңдігіне, ондағы айтылған ойлардың даналығына байланысты.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 75, № 2, С. 194-204
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov