ЕСКЕН ЕЛУБАЕВТЫҢ БАЛАЛАР ӘЛЕМІ
Мақалада балалар ақыны Ескен Елубаевтың шығармашылық әлемі зерттеу нысанына алынып, қаламгердік қолтаңбасы айшықталады. Автор Е.Елубаевтың балалардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық болмысына сай жазылған көркем туындыларына назар аударып, олардың әдеби-мәдени ерекшеліктеріне талдау жасайды. Классикалық балалар әдебиетінің өкілі болып саналатын Ескен Елубаевтың шығармашылығы жөнінде замандастары тарапынан мерзімді басылым беттерінде көптеген оң пікірлер айтылғанмен, әдебиеттану ғылымының аясында ақынның толыққанды шығармашылық портреті жазылған емес. Мақала авторы Е.Елубаевтың лирикалық өлеңдерінің, жұмбақтары мен жаңылтпаштарының мазмұндық һәм формалық ерекшеліктеріне тоқталады. Ақынның қазіргі балалар әдебиетіне әкелген жаңалығын саралап, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды жеткізудегі шеберлігін зерделейді. Кілт сөздер: әдебиет, балалар әдебиеті, поэзия, салт-дәстүр, тәрбие, құндылықтар.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 76, № 3, С. 149-160
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov