Central AsianResearch Index
Keruen2022

Балаларға арналған шығармаларда шындықты бейнелеу (Б.Әділ шығармаларының негізінде)

Мақалада бүгінгі күні есімі елеусіз қалған авторлардың бірі, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Балтабай Әділовтің шығармашылығы жайлы баяндалады. Зерттеу барысында көпшілік оқырманға Әділ Балта лақап атымен танымал автордың көркем шығармаларын қайта жаңғыртып, ғылыми айналымға енгізу негізгі мақсаттың бірі болды. Сонымен қатар балалардың жас ерекшелігіне қарай жазылған шығармалары назарға алынды. Мақалада автордың бүлдіршіндер мен жасөспірім балаларға арнап жазылған еңбектерінің ұлттық құндылықтары мен тәрбиелік мәні, балаға қандай эстетикалық ләззат сыйлайды деген мәселелер қарастырылып, жазу барысында идеяны жеткізуде қандай тәсілдер пайдаланғаны анықталды. Б.Әділдің шығармашылық ерекшелігі нарративтік, герменевтикалық, салыстырмалы талдаулар арқылы жүзеге асты. Тілі қарапайым, баланың қабылдауына жеңіл, дейтұрғанмен көркемдік деңгейі жоғары, тәрбиелік мәні мен еңбексүйгіштікке баулитын шығармаларының қатары молдығы талдау барысында анықталып, қандай шығармаларынан бала бойына қайсыбір құндылықтарды сіңдіре алатындығы баяндалды. Автордың тіл ерекшелігі мен жалпы шығармашылық патенциялына ғылыми түрде баға берілді. Мақалада есімі сирек аталатын автордың көпшілікке беймәлім еңбектері аталып, бірқатар шығармаларына ғылыми талдау жүргізілді. Б.Әділдің ертегілері, мысал әңгімелері, этнографиялық әңгімелері т.б. іріктеліп алынып негізгі идеялары қандай практикалық мәнге ие екендігі талданды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 76, № 3, С. 137-148
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov