АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТАНУ ТЕРМИНДЕРІН ҚАЛЫПТАУ ҰСТАНЫМЫ
Мақалада қазақ әдебиеттану терминдерінің қалыптасып, даму кезеңдеріндегі ғылыми-теориялық негізделу ұстанымдары Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінің тарихи мәнінде сараланады. Авторлар қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу өзектілігінде ХХ ғасырдың бастапқы ширегінде мерзімді басылымдарда өнімді танымдық өріс түзген әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектердегі терминдік ұғым атауларының қолданыс бағыты; кезеңдік таңбасы; таза көркемдік теориялық мән-маңызын тарихи тұтастықта тану, игеру міндетінде; көкейтесті әдебиеттану мәселелерін кешенді тұтастықта саралаудың оңтайлы тәсілдері бағытында Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі әдеби терминологияға арнайы тоқталған. Ахмет Байтұрсынұлының саяси идеологиялық қысымда жаппай дерлік шет тіл терминдерімен «жасақталып» жатқан әдебиеттану ғылымының теориялық таным түзуде ұлттық ментальдік, бірегей төлтума сипаттар айрықшалығын ана тілде қисындалған терминдік атаулар арқылы таныту, ұғыну ұстанымдарында жанр типологиясы; әдебиет тарихы дәуірлері; дара шығармашылық қолтаңба; әдеби ағым-бағыттардың тарихи негіздемесінде дәйектеу міндетіндегі маңызы аса зор «Әдебиет танытқыш» еңбегін жазудағы озық өнегесі нақтылы пәндік мәнде сараланады. Мақала ПЦФ ИРН OR 11465467 «Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитаhлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» жобасы (2021/2022) аясында дайындалды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2022 · Т. 76, № 3, С. 26-36
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov