Central AsianResearch Index
Keruen2022

ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ҰЙҚАСТЫҢ РӨЛІ

Мақалада қазақ фольклорындағы ұсақ жанрлардың бірі жаңылтпаштың, бала тілін ұстарту сынды өзіндік тәрбиелік рөлінен тыс, мәдени-әлеуметтік категориялармен қоса фольклорлық-этнографиялық, эстетикалық тұрғыдан баланы көркем ойлауға жетелейтін құндылығы сөз болады. Сонымен бірге дәстүрлі жаңылтпаштар мен авторлық жаңылтпаштардағы ұйқастың рөлі жаңылтпаш пен тақпақтың мазмұндық, құрылымдық, көркемдік айшықтары салыстырмалы түрде сараланады. Көп жағдайда жаңылтпаштың тәрбиелік жағына баса назар аударылып, оның баланың көркем ойлау мүмкүндігін дамытатын ұйқасты, үйлесімді құрылымы ескеріле бермейтіндігіне назар аударылады. Қазақ тіліндегі ұйқасқа бейім сөздердің соншалық молдығы, әр сөзін мақалдап, тақпақтап сөйлейтін бабаларымыз қалдырған құнды мұралардың бірі жаңылтпаштағы ұйқастың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, ұйқас туралы әдебиет зерттеушілерінің көп түрлі ой-толғамдары мен пайымдаулары нақты мысалдар мен егжей-тегжейлі дәйектеледі. Ұйқас өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сыры мен қырына да тікелей қатысы бар ойды жеткізу тәсілі әрі тілді оймен көркемдеп жеткізу амалы. Ол өлеңнің сыртқы суреткерлік келбеті үшін ғана емес, ішкі ой-қиял ирімі үшін де ауадай қажет. Мақаланың қорытынды бөлімінде мынадай түйіндеулер жасалады. Қатаң және ұяң дыбыстардан құралған сөздер мен сөз тіркестерінен құралған жаңылтпаштар еркін ұйқасып келіп, жүйелі қисын негізіндегі мәтіннен қисынсыздық тудырып, күлкі шақырады. Жаңылтпаштағы мұндай құбылыс, балаларда да ересектерді де эстетикалық ләззатқа бөлейді. Міне, бұл жаңылтпаш жанрындағы айтылуы бір-біріне жақын, ұйқасқа бейім сөздер мен сөз тіркестерінің, тақпақ құрылымындағы ұйқастардан өзгеше екендігін айқын аңғартады. Ең бастысы, жаңылтпашты жеке жанрлық түр ретінде ерекшелейтін де, оқырманға тартымды да, әсерлі етіп жеткізетін басты қасиеті оның ұйқасты, үйлесімді сөзге құрылатындығында.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2022 · Т. 76, № 3, С. 17-25
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov