Central AsianResearch Index

ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕДЕ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ АДАПТАЦИЯ: АДАПТАЦИЯ ПОДГОТОВКИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ В ОБЛАСТИ ДОШКОЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ И ОБРАЗОВАНИЯ С УЧЕТОМ НАЦИОНАЛЬНО-КУЛЬТУРНЫХ ЭЛЕМЕНТОВ

ADAPTATION OF PREPARING FUTURE EDUCATORS IN PRESCHOOL EDUCATION AND UPBRINGING WITH THE INCLUSION OF NATIONAL AND CULTURAL ELEMENTS

Бұл мақала Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселе – болашақ педагогтарды ұлттық мәдениет құндылықтары негізінде кәсіби даярлаудың тиімді жолдарын іздестіруге арналған. Зерттеу жұмысының жаңалығы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында бұрын-соңды қолданылмаған, бірегей әдістемелік тәсіл ұсынуында. Ол – студенттердің шығармашылық және педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту үшін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген әртүрлі гипс бұйымдарын (киіз үй, асық, қобдиша, ұлттық бас киім үлгілері) жасау және көркемдеу процесін пайдалануға негізделген. Мақалада гипс құюдың технологиялық аспектілері, дәстүрлі ою-өрнектердің семантикасы мен символикасы, сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлерінің мектепке дейінгі білім берудегі дидактикалық әлеуеті қарастырылады. Тәжірибелік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аталған әдістеме студенттердің шығармашылық белсенділігінің орташа есеппен 35%-ға артуына, ұлттық мәдениетке қызығушылығының 40%-ға жоғарылауына және кәсіби- педагогикалық дағдыларының сапалық жағынан жақсаруына ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістемелік ұсынымдар мен практикалық материалдар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына және оқытушыларына ұлттық-мәдени білім беруді ұйымдастыруда көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Данная статья посвящена актуальной проблеме в системе дошкольного образования Республики Казахстан – поиску эффективных путей профессиональной подготовки будущих педагогов на основе ценностей национальной культуры. Научная новизна исследования заключается в предложении уникального методического подхода, ранее не применявшегося в программах дошкольного образования. Подход основан на использовании процесса создания и художественного оформления разнообразных гипсовых изделий (юрты, асыки, шкатулки, национальные головные уборы), декорированных казахскими национальными орнаментами, для развития творческих и педагогических компетенций студентов. В статье анализируются технологические аспекты литья из гипса, семантика и символика традиционных орнаментов, а также дидактический потенциал казахских национальных игр и традиций в дошкольном образовании. Результаты эмпирического исследования демонстрируют, что предложенная методика способствует повышению творческой активности студентов в среднем на 35%, увеличению их интереса к национальной культуре на 40%, и качественному улучшению профессионально-педагогических навыков. Практическая значимость исследования состоит в том, что представленные методические рекомендации и практические материалы могут быть использованы педагогами и преподавателями дошкольных образовательных учреждений в качестве вспомогательного инструмента для организации этнокультурного образования. This article addresses a relevant issue in the preschool education system of the Republic of Kazakhstan: the search for effective ways to professionally train future educators based on the values of national culture. The scientific novelty of the research lies in proposing a unique methodological approach, previously unused in preschool education programs. The approach is based on using the process of creating and artistically decorating various gypsum products (yurts, asyks, caskets, national headdresses) adorned with Kazakh national ornaments to develop students' creative and pedagogical competencies. The article analyzes the technological aspects of gypsum casting, the semantics and symbolism of traditional ornaments, and the didactic potential of Kazakh national games and traditions in preschool education. The results of empirical research demonstrate that the proposed methodology contributes to an average increase of 35% in students' creative activity, a 40% increase in their interest in national culture, and a qualitative improvement in professional and pedagogical skills. The practical significance of the research lies in the fact that the presented methodological recommendations and practical materials can be used by educators and teachers of preschool educational institutions as an auxiliary tool for organizing ethno- cultural education.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 1(114), С. 138-148
Язык
Казахский
ISSN
1813-1123 · 3135-212X
Издатель
Zhetysu University named after I. Zhansugurov
Аффилиации
«Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжі»