Central AsianResearch Index

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Мақалада денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыру бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қызметкерлерді ынталандыру мәселесі қазіргі ғылыми қоғамда ең сұранысқа ие мәселелердің бірі болып табылады. Еңбекті ынталандыру бойынша тиімді мотивациялық стратегияның болмауы сапаның төмендеуіне әкеледі, бұл болашақта халықтың медициналық ұйымның жұмысына деген сенімінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл мақалада медицина қызметкерлерінің еңбек мотивациясын басқару мүмкіндігі және оны жақсарту жолдары қарастырылады. Ынталандырудың теориялық негіздері, денсаулық сақтау саласындағы мотивацияның ерекшеліктері зерттелді. Медициналық қызметкерлерді кәсіби ынталандыру әдістерін оңтайландыру мамандарды даярлауды, кәсіби іріктеуді және психологиялық қолдауды жақсартуға, сол арқылы медициналық ұйым персоналының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сведения

Журнал
Vestnik
Опубликовано
2023 · № 1(64), С. 233-247
Язык
Казахский
ISSN
2524-0684 · 2524-0692
Издатель
Asfendiyarov Kazakh National Medical University