Алтайдағы ергенек таңбасы туралы
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағында 2025 ж. жүргізілген этноархеологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған қазақ зираттары құлпытастарындағы таңба белгілер қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – аталған символдардың тарихи-мәдени мәнін анықтап, олардың ру-тайпалық тиесілігін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу барысында археологиялық, этнографиялық, архивтік және жазба шежірелік деректерді қамтитын пәнаралық әдіснама қолданылды. Далалық кезеңде ескерткіштер GPS арқылы тіркеліп, фототүсірілім, өлшем алу, фотограмметрия және сандық трассировка тәсілдері арқылы толық құжатталды. Камералық кезеңде анықталған таңбалардың морфологиялық және композициялық ерекшеліктері талданып, олар ғылыми әдебиеттерде ұсынылған типологиялық жіктеулермен, сондай-ақ жазба және этнографиялық дереккөздердегі мәліметтермен салыстырыла қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде белгі тастардағы графикалық белгілер Орта жүз құрамындағы найман руының Сарыжомарт, Бура және Көкжарлы тармағына тән «ергенек» таңбасының нұсқалары екендігі анықталды. Сонымен қатар ұқсас символдардың ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер мен б.д. І мыңж. басымен мерзімделетін қыш ыдыстан табылуы бұл таңбалық дәстүрдің тарихи тамыры әлдеқайда терең болуы мүмкін екенін көрсетеді. Алынған деректер Қазақ Алтайындағы рулық таңбалардың тарихи сабақтастығын, олардың кеңістікте таралуын және мәдени маңызын айқындауға мүмкіндік береді.
Сведения
- Журнал
- Archeology of Kazakhstan
- Опубликовано
- 2026 · № 2 (32), С. 459-473
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2663-6794 · 2789-4525
- Издатель
- INSTITUTE Archeology named A. Kh. Margulan