Central AsianResearch Index

Тарбағатайдың күнгейіндегі петроглифтер: жаңа деректер және олардың мәдени түсіндірмесі

Мақалада Тарбағатайдың күнгейіндегі петроглифтерді кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылады, соның ішінде 2024–2025 жж. далалық жұмыстар барысында алынған жаңа материалдар қамтылған. Негізгі назар тау бөктеріндегі және таулы аймақтардағы әртүрлі табиғи-ландшафттық аудандарда орналасқан Үшбұлақ, Белібай, Суықбұлақ және Ақберлі-2 сынды төрт археологиялық кешенді талдауға аударылған. Зерттеудің әдіснамалық негізін далалық фиксация, иконографиялық және салыстырмалы-типологиялық талдау, сондай-ақ бейнелердің орналасуын кеңістіктік интерпретациялау құрайды. Петроглифтердің орындалу техникасы, сақталу деңгейі және композициялық ұйымдасу ерекшеліктеріне ерекше мән берілген. Жүргізілген талдау нәтижесінде зерттелген ескерткіштердің желілері мен функцияларының едәуір алуандығы анықталды. Үшбұлақ петроглифтері негізінен аңшылық пен малшаруашылығына байланысты шаруашылық-тұрмыстық қызметтің көрінісі ретінде анықталады. Суықбұлақ кешені күнделікті және киелі семантика элементтерін ұштастыратын «көрнекі дәліз» сипатындағы күрделі тізбекті композицияларымен ерекшеленеді. Ақберлі-2 нысаны топографиялық орналасуы мен көп бейнелі композициялардың шоғырлануына байланысты биік таулы ғұрыптық орталық ретінде қарастырылады. Белібай ескерткішінің интерпретациясы пікірталасты сипатта қалып, оны әрі шаруашылық, әрі киелі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Иконографиялық талдау зооморфтық бейнелердің, әсіресе тауешкі бейнесінің басымдығын, сондай-ақ антропоморф фигуралардың, аңшылық көріністерінің және нышандық элементтердің болуын анықтады. Сонымен қатар сақтардың «аң стиліне» тән белгілер мен қола дәуірі және ерте темір дәуірі мәдениеттеріне тән тұрақты сарындар тіркелді. Хронологиялық тұрғыдан петроглифтер қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейінгі ауқымды аралықты қамтиды, бұл Тарбағатай өңірі ландшафтының ұзақ уақыт бойы игерілуі мен киелі орынға айналу дәстүрін көрсетеді. Алынған деректер Шығыс Қазақстандағы мәдени үдерістер туралы түсініктерді едәуір кеңейтіп, өңірдің Еуразия далалық аймағындағы жартас өнерінің маңызды орталықтарының бірі ретіндегі рөлін айқындайды.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 2 (32), С. 203-227
Язык
Казахский
ISSN
2663-6794 · 2789-4525
Издатель
INSTITUTE Archeology named A. Kh. Margulan