Central AsianResearch Index

Номгон-2 көне түрік ғұрыптық кешені зерттеулерінің кейбір нәтижелері

.Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлескен экспедициясы 2019 және 2022 жж. Моңғолияның Архангай аймағы Хашаат сұмыны Номгон алқабындағы көне түрік дәуірінің 9 дана ғұрыптық кешендерінде алғашқы археологиялық барлау және қазба жұмыстарын бастаған болатын. Номгон-2 ғұрыптық кешенінде жүргізілген қазба барысында осы кешен «екінші» Түрік қағандығын жаңғыртушысы Құтлұқ қаған яғни 682–692 жж. билік құрған Елтеріс қағанға, әйгілі Білге қаған мен Күлтегіннің әкесіне арналғандығы анықталды. Кешеннен қаған кескінді бөрікті бәдіздің басы мен төменгі тұсы, екі кішігірім бас мүсін тұсы, екі қошқар, екі аланды арыстан тас мүсіні және құрылыстың қыш төбе жапқыштары, кірпіштері, ортасы ойық текше тас (алтарь), балбалдардан «ешір» (ашина) қаған әулетінің таңбалары секілді бірсыпыра артефактілер анықталды. Әлемдік түркология үшін ерекше жаңалық – жазулы бітіктас жаңадан табылды. Онда екі бөрі және суғалдақ гүл бейнеленген бітіктастың төбе тұсы мен одан төменгі тұсында көне түрік, соғды, брахми жазулы мәтіндердің үзінділері қашалған сынық бөлігі археологиялық қазбалар барысында алғаш рет табылып отыр. Көне түрік және соғды мәтін үзінділерінде «Құтлұқ қаған» деп анық жазылған.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 1 (19), С. 68-83
Язык
Казахский
ISSN
2663-6794 · 2789-4525
Издатель
INSTITUTE Archeology named A. Kh. Margulan