Central AsianResearch Index

ЖАНУАР АСЫҚТАРЫНЫҢ АРХЕОЗООЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ (Бәбіш мола қаласының материалдары бойынша)

Мақала Бәбіш-мола қаласынан табылған жануар асықтарының археозоологиялық зерттелу мәселесіне арналады. Ескерткішке жүргізілген қазба жұмыстары барысында 80-нен астам жануар асықтары табылған. Археозоологиялық талдау негізінде, асықтардың қуысмүйізділер (Bovidae) тұқымдасына жататын ақбөкен (Saiga tatarica) және қарақұйрық (Gazella subgutturosa), сонымен қатар қой (Ovis aries) және ешкіге (Capra) тиесілі екендігі белгілі болды. Морфологиялық және морфометриялық зерттеулер барысында жануар асықтарының өлшемдеріндегі ауытқушылық диапазондары (Lim), ортақ квадраттық мөлшері (М), орташа квадраттық ауытқу мөлшері (ơ) және ортақ арифметикалық қателіктері анықталды. Остеометриялық зерттеу нәтижелері негізінде, Бәбіш моладан табылған асықтарға басқа аймақтардағы жануар асықтарының өлшемдерімен өзара салыстырмалы талдау жасалды. Ақбөкен асықтарының плантарлы бетіне сызылған әртүрлі өрнектердің сипаттамасы жасалынып, биометриялық белгілердің вариациялық қатары шығарылды. Мақалада асықтардың жан-жақты өлшемдері көрсетілген 12 кесте берілген. Археологиялық зерттеулер барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан кездескен жануар асықтарын мысалға ала отырып, ондағы асық ойындары, ғұрыптық жосындарға қатысты тұжырымдарға талдау жасалады.

Сведения

Опубликовано
2019 · № 4, С. 79-115
Язык
Казахский
ISSN
2663-6794 · 2789-4525
Издатель
INSTITUTE Archeology named A. Kh. Margulan