Central AsianResearch Index

АРХЕОЛОГ, ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ САҒЫНТАЙ СҰҢҒАТАЙ

Археолог, шығыстанушы Сағынтай Сұнғатай 2019 жылы 9 ақпанда қайтыс болды. Бірнеше тілде (қазақ, қытай, ұйғыр) еркін сөйлеген зерттеуші артына қомақты еңбектерін мұраға қалдырды. Ғылыми жұмысын 1990 жылдары Iлe өңірін ерте темірдәуірінде қоныстанған халықтардың мәдениетін зерттеуден бастаған ол, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген кезде, өзінің тарихи Отанына оралуға атсалысты әрі ғылыми жұмысты өз елінде жалғастырды. Ол Қазақстан мен Қытайда көп жыл далалық жұмыстармен шұғылданды әрі үлкен тәжірибелер жинады. С. Сұңғатай саналы ғұмырында қытай-америкалық, қазақ-француздық, қазақ-француз-италиялық және ресейлік-қазақстандық қатарлы төрт үлкен халықаралық экспедицияға қатысуға мүмкіндік алды. Өмірінің соңғы жылдарында С. Сұңғатай ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында жұмыс істеді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, қытай, манжур, ойрат, шағатай тілдерінде жазылған Қазақ хандығының тарихына қатысты 3500-ден астам құжатты анықтауға өз үлесін қосты.

Сведения

Опубликовано
2019 · № 1, С. 128-133
Язык
Казахский
ISSN
2663-6794 · 2789-4525
Издатель
INSTITUTE Archeology named A. Kh. Margulan