Central AsianResearch Index

Жүктіліктің екінші триместріндегі қасаға симфизі эхографиялық көрсеткіштерінің салмақ индексі бойынша ерекшеліктері

Жүктілік кезінде тірек-қимыл жүйесінде, әсіресе жамбас сақинасы құрылымдарында гормоналды өзгерістерге байланысты морфологиялық және функционалдық қайта құрулар жүреді. Бұл босануға физиологиялық дайындықтың бір бөлігі болғанымен, кейде симфизиопатияның дамуына әкелуі мүмкін. Қасаға симфизінің жағдайын бағалауда қауіпсіз әрі ақпаратты әдіс ретінде ультрадыбыстық зерттеу кеңінен қолданылып, нәтижесінде симфиз саңылауының ені, құрылымы және жүктілік кезеңдеріндегі динамикасы анықталады. Жүктіліктің екінші триместрі жамбас құрылымдарындағы өзгерістер айқындалатын және ықтимал асқынулардың алғашқы белгілері көрінетін маңызды кезең болып саналады. Дене салмағы индексі жүктілік ағымына әсер ететін маңызды антропометриялық фактор болғанымен, оның қасаға симфизінің эхографиялық көрсеткіштерімен байланысы жеткілікті зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты: жүктіліктің екінші триместріндегі әйелдерде қасаға симфизінің эхографиялық көрсеткіштерінің дене салмағы индексіне тәуелді ерекшеліктерін анықтау Әдістері. Жүктіліктің II триместріндегі 172 әйелдің физикалық және эхографиялық көрсеткіштеріне сипаттамалық әрі салыстырмалы талдау жүргізілді. Барлық зерттеуге қатысушылар қасаға симфизінің эхографиялық көрсеткіштері ультрадыбыстық зерттеу қалыпты, артық салмақ және семіздік дене салмағы индексі топтарында бағаланды. Нәтижесі. Дене салмағы индексі бойынша қалыпты салмақ - 109, артық салмақ - 48 және семіздік - 15 әйел анықталды. Жасы бойынша қалыпты салмақ тобындағы әйелдер басқа топтарға қарағанда едәуір жас болды (p=0,044), ал бой ұзындығында айырмашылық байқалмады. Қасаға симфизі сүйектері арасындағы ажырау мен жоғарғы байлам қалыңдығы дене салмағы индексі бойынша бөлінген топтар арасында ерекшеленбеді. Алдыңғы байламның сол жақ қалыңдығы қалыпты салмақ тобымен салыстырғанда артық салмақ және семіздік топтарында мәнді жоғары болды (p=0,022) және дене салмағы индексі көрсеткішімен әлсіз оң корреляция көрсетті (r=0,159; p=0,037). Қорытынды. Жүктіліктің екінші триместріндегі қасаға симфизі эхографиялық көрсеткіштерінің салмақ индексі бойынша ерекшеліктері бар екенін, дегенмен жүкті әйелдердің дене салмағының артуы эхографиялық көрсеткіштердің ішінде әсері шектеулі екенін көрсетті. Соның ішінде алдыңғы байлам қалыңдығы қалыпты дене салмағындағы жүкті әйелдерге қарағанда, артық салмақ және семіздік топтарындағы жүкті әйелдерде мәнді статистикалық тұрғыдан қалыңдауымен және оң корреляциямен ерекшеленді. Жалпы алғанда, физиологиялық жүктілік кезіндегі дене салмағы индексіне байланысты негізгі эхографиялық сипаттамаларына айқын ықпалын қасаға симфизі ажырауы байқалатын, яғни өзгерістері бар жүктілік кезінде тереңірек зерттеу нәтижелерімен бағаланатын болады.

Сведения

Опубликовано
2026 · С. jto051
Язык
Казахский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov