Central AsianResearch Index

Қазақстандағы білезік өзегі синдромын бағалауға арналған Бостон сауалнамасын мәдени бейімдеу және валидациялау

Boston Carpal Tunnel Questionnaire сауалнамасы білезік өзегі синдромы бар науқастарға қолдануға арналған. Дегенмен оның Қазақстан Республикасында қазақ тілді популяция арасында аударылған нұсқасының болмауына байланысты қолданылуы қолжетімді емес. Зерттеудің мақсаты Boston Carpal Tunnel Questionnaire сауалнамасын қазақ тіліне валидациялацияған және мәдени бейімделген нұсқасын дайындау, сондай-ақ оның сенімділігі мен валидтілігін бағалау болды. Зерттеуге клиникалық расталған білезік өзегі синдромы бар 64 қазақ тілді науқас қатысты. Статистикалық талдау сенімділік (ішкі үйлесімділік) пен құрылымдық валидтілікті бағалау үшін сипаттамалық статистиканы және психометриялық талдауды қамтыды. Boston Carpal Tunnel Questionnaire сауалнамасының қазақша нұсқасы жоғары сенімділікті көрсетті (α Кронбах = 0,974-0,985). Мазмұндық валидтілікті талдау барысында «әсердің төбесі» (ceiling effects) және төмен дәрежеде «әсердің едені» (floor effects) анықталды. Boston Carpal Tunnel Questionnaire бірқатар тармақтары тұжырымдамалық валидтілігі бойынша EQ-5D-5L сауалнамасының ішкі шкалаларымен салыстырғанда қанағаттанарлық деңгейде болды. Бұл зерттеудің нәтижелері Boston Carpal Tunnel Questionnaire қазақша нұсқасы сауалнамасының қазақ тілді популяциядағы білезік өзегі синдромымен ауыратын науқастардың жағдайын бағалауда жоғары сенімділік пен қанағаттанарлық валидтілікке ие екенін растайды. Дегенмен, анықталған шектеулерге байланысты аударманы одан әрі жетілдіру және әртүрлі науқастар тобына негізделген іріктемеде қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2025 · С. jto028
Язык
Казахский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov