Оценка степени удовлетворенности пациентов как инструмент повышения качества работы стационара
Зерттеудің мақсаты: стационардағы пациенттердің медициналық қызметтердің сапасына, жайлылық пен қызмет көрсету деңгейіне, сондай-ақ ұсынылған медициналық көмекке жалпы қанағаттануына қатысты пікірлерін бағалау. Материалдар мен әдістер. Материал 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде стационардағы пациенттердің 4000-ға жуық сауалнамасының нәтижелері болды. Ауруханада емдеудің әртүрлі кезеңдеріндегі сауалнама процесі сипатталған. Сауалнамаларға қызметкерлердің кәсібилігі мен адами қасиеттері, емдік тамақтану сапасы, жалпы көрсетілген медициналық көмектің сапасы, бөлімшенің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар мен тілектер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақтар кірді. Әдістер Microsoft Office Excell бағдарламасында электрондық кесте түрінде 4 сұраққа жауаптарды өңдеуді көздеді. Нәтижелер.Жалпы, барлықреспонденттер көрсетілген медициналықкөмектіңсапасынақанағаттанып,пациенттерөзалғыстарын білдірді.Зерттеужұмыстыжақсартубағыттарынанықтады.Кейбірбөлімшелердіңқызметіноңтайландыру, стационарда болу жағдайларын,жайлылықпенсервистіжақсарту бойынша бірқатарұйымдастырушараларықабылданды.Сауалнама-пациенттерденкерібайланысалудың, олардыңқажеттіліктеріментілектерінқанағаттандырудың,басқарушылықшешімдер қабылдаудың жәнежұмыссапасынжақсартужөніндегі іс-шаралардыңтиімділігінбағалаудыңнегізгіқұралы. Қорытындылар. Зерттеу пациенттердің көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттануының жоғары дәрежесін көрсетті, алайда анықталған кемшіліктер одан әрі жақсартуға негіз болды. Сауалнама-пациенттерден кері байланыс алудың, олардың қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандырудың, басқарушылық шешімдер қабылдаудың және жұмыс сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың негізгі құралы. Алынған мәліметтер негізінде жекелеген бөлімшелердің жұмысын оңтайландыру, пациенттердің болу жағдайларын жақсарту және жайлылық пен сервис деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Сауалнаманың бұл процесі медициналық көмектің сапасын арттыруға және стационардағы жалпы атмосфераны жақсартуға ықпал етті.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · С. 48-55
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov