Central AsianResearch Index

К вопросу лечения и заполнения костных дефектов инфекционной этиологии. Обзор литературы

Сүйек ақауларын емдеу және толтыру мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады. Остеомиелит - сүйек кемігіне, кеуек тәрізді және ақтам затқа, периостеумға әсер ететін cүйектің барлық элементтерінің жұқпалы қабынуы. Созылмалы остеомиелитті диагностикалау және емдеу травматология мен ортопедияның өзекті міндеті болып табылады. Бұл постулат асқынулар дамуының үлесінің жоғарылануына, пациенттерді емдеудегі үлкен экономикалық шығындарға және терапияның ұзақтығына байланысты.Әдебиеттерді іздеу және шолу 2024 жылдың ақпанында жүргізілді және Web of science, Scopus, PubMed, Wiley сайттарындағы кілт сөздер бойынша жүзеге асырылды. Алынған үлгіден зерттеу тақырыбына сәйкес мақалалар, әсіресе 2014-2024 жылдардағы жұмыстар таңдалды. Сондай-ақ шолуға Қарағанды медицина университетінің хирургиялық аурулар кафедрасында травматология және ортопедия бойынша орындалған диссертациялар зерттеліп енгізілді.Шартты түрде бұл шолу бірнеше бөліктен тұрады: 1) Биопленкалардың құрылымдық-функционалдық қасиеттерінің экспликациясы. Созылмалы остеомиелиттің неғұрлым жиі инфекциялық этиофакторы Staphylococcus aureus-тің мысалында қарастырылады; 2) Қазіргі заманғы сүйек ақауын толтырғыштарды салыстырмалы-сипаттамалық талдау; 3) Сүйек аллографты қолдану саласындағы Қарағанды медицина университетінің хирургиялық аурулар кафедрасының ғылыми жетістіктерінің дескрипциясы. Осындай саралау, авторлардың пікірінше мақаланың тақырыбын толығымен ашуға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2025 · С. 4-14
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov