Central AsianResearch Index

Modern concepts of diagnosis and treatment of patients with ankle osteoarthritis

Тобық буынының остеоартриті немесе крузартроз – бұл жиілігі салыстырмалы түрде төмен болса да, науқастардың өмір сапасына елеулі әсер ететін созылмалы ауру. Крузартроз көбінесе жарақат салдарынан пайда болғандықтан, еңбекке жарамды және белсенді халық арасында жиі кездеседі.Бұл шолуда крузартрозды диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері талданған. Мақалада консервативті емдеу әдістері, оның ішінде фармакотерапия және физиотерапия, сондай-ақ мезенхималық бағаналы жасушаларды қолдану және өсу факторлары сияқты жасушалық терапияның жаңа бағыттары қарастырылады.Артроскопия, остеотомия және тобық буынын эндопротездеу сияқты инновациялық хирургиялық әдістері науқастардың өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Авторлар әр кезеңде сараланған тәсілдің тиімділігін атап өтіп, оның крузартроздың өршуін баяулатуға және емдеудің тиімділігін арттыруға көмектесетінін көрсетті, бұл жас және орта жастағы пациенттер үшін өте маңызды.

Сведения

Опубликовано
2025 · С. 23-36
Язык
Английский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov