Central AsianResearch Index

Биомеханика репонирующего воздействия, оцененная методом конечных элементов и рентгенологические результаты двухвекторной дистракции аппаратом внешней фиксации при оперативном лечении перелома пяточной кости типа Sanders IV

Sanders IV тәрізді өкше сүйегінің компрессиялық сынықтарын емдеу - қиын жүзеге асатын жағдай және оны оңтайлы орналастыру техникасы даулы сұрақ болып қала береді. Зерттеудің мақсаты Sanders IV тәрізді компрессиялық сынықты операциялық емдеу кезінде өкше сынығының сыртқы конфигурацияларын қалпына келтіруде сыртқы бекіту аппаратымен еківекторлы интраоперациялық дистракцияларының орнықтылығы мен рентгенологиялық тиімділігін анықтау болды.Әдістері. Ақырлы элементтер әдісімен ұсынылған сыртқы бекіту аппаратының және Sanders IV тәрізді өкшенің компрессиялық сынығының математикалық моделі әзірленді. COMPASS-3D (ARM FEM) Autodesk Inventor PRO, тегін CAD 0,20 бағдарламасын қолданумен аппараттың кернеулі-деформацияланған жай-күйі зерттелді. Sanders IV тәрізді өкше сынықты интраоперациялық орнына салу процесін виртуалды модельдеу жасалды. Рентгеннограммада Sanders IV тәрізді өкше сүйегі сынығы орын алған 30 науқастың отаға дейін биіктігі, ені, ұзындығы нақты және тиісті анықтамалық сызықтары және А.Н. Соломин және басқа да авторлар (2017) ұсынған топай сүйегі және өкше сүйектерінің өзара байланыс бұрышы анықталды. Дәл осындай рентгенологиялық көрсеткіштер отадан кейін де анықталды.Нәтижелері. Sanders IV тәрізді өкше сүйегінің сынуының еківекторлы дистракциясы арқылы орнына салу процесін виртуалды модельдеу нәтижесінде аппарат өкше сүйегінің қажетті биіктігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететіні анықталды. Аппаратты интраоперациялық орнына салу кезінде өкше сүйегінің биіктігін қалпына келтірудің орташа мәні 46 мм, ені - 34,1 мм, ұзындығы - 81,7 мм болды, бұл (р<0,001) операциялық көрсеткіштер де айтарлықтай асып түсті.Қорытынды. Sanders IV тәрізді сынықты хирургиялық емдеуде сыртқы бекіту аппаратының еківекторлы дистракциясын қолдануы биомеханикалық тұрғыдан қолайлы, өкше сүйегінің биіктігін, енін, ұзындығын және топай сүйегі байланысын анатомиялық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 17-25
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov