Новый метод повышения стабильности винтовых транспедикулярных систем. Результаты экспериментального компьютерного моделирования
Тығыздығының әр түрлілігіне байланысты металл-сүйек сәйкессіздігінің жоғарылауы омыртқа патологиялары бар науқастарда транспедикулярлық бұрандалы жүйелерді имплантациялау кезінде импланттың әлсіреуіне және жылжуына әкелуі мүмкін. Бұл транспедикулярлық бекітуден кейінгі ауырсынуға және нәтижесінде емдік коррекцияның төмендеуіне әкеледі.Зерттеудің мақсаты: транспедикулярлық бұранданың босауының алдын алудың жаңа әдісін бағалау және компьютерлік модельдеу арқылы дәлелдемелі нәтижелерді көрсету.Әдістері. Ұсынылған әдіс SolidWorks компьютерлік бағдарламасының көмегімен эксперименталды түрде модельденіп, тәжірибеде қолданылды. Қолдану әдісі 2014-2018 жылдар аралығында омыртқаның әртүрлі патологиялары бар 42 науқаста жүзеге асырылды. Зерттеуге орташа жасы 3-65 жасты құраған жалпы саны 22 (68,75%) әйел мен 20 (31,25%) ер адам қатысты. Науқастарға әртүрлі конфигурациядағы транспедикулярлық жүйелерді қолдану арқылы ота жасалды. Отадан кейінгі ұзақ мерзімді кезеңде бұрандалардың өздігінен ығысуын болдырмау үшін омыртқалардың тікенді өсіндісінде жасалған көлденең саңылау арқылы көлденең қосқышты өткізіп, қосымша тірек нүктесін жасау әдісі ұсынылды.Нәтижелері. Жалпы 2 түрлі жағдай қарастырылды. Бірінші жағдайда классикалық көлденең қосқышы және қолданылатын қозғаушы күштері бар сегіз түрлі бағытта бекітілген бұрандаларды омыртқа денесінен шығардық. Екінші жағдай біріншіге ұқсас, тек омыртқалардың тікенді өсіндісі арқылы қосылуда айырмашылығы болды. Екі топта да орын алмастыру қашықтығы түсірілген күш векторының бұрышының ұлғаюымен артады. Бұрандалардағы арнадан шыққан күш 26,561 Н/мм2 (МПа) болды. Екінші жағдайда аталмыш күш көрсеткіші 31,095 Н/мм2 (МПа) құрады. Айырмашылық 5 Н/мм2 болды.Қорытынды. Көлденең қосқышты статикалық тексеріп барып, омыртқалардың тікенді өсіндісі арқылы жүргізіп, транспедикулярлы жүйелердің қосымша тірек нүктесін қамтамасыз ету әдісі аталмыш жүйенің тұрақтылығын арттырады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 10-16
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov