Central AsianResearch Index

Ретроспективный анализ факторов риска развития гнойно-септических осложнений у ортопедических пациентов

Инфекцияның алдын алу әдістерінің жетістіктері мен жетілдірілуіне қарамастан, перипротездік буын инфекциясы буындарды толық ауыстырудан кейінгі ауыр асқыну болып табылады. Іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу - мүгедектікке әкелетін асқынумен күресудің ең маңызды стратегиясы болып табылады, сондай-ақ алдын алуды науқасқа байланысты қауіп факторларын анықтаудан бастау керек.Зерттеудің мақсаты: ірі буындардың жалпы артропластикасынан кейін іріңді-септикалық асқынулардың дамуына байланысты қауіп-қатер факторларын анықтау.Әдістері. 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін ортопедиялық ота жасалған 71 науқастың медициналық құжаттарына ретроспективті талдау жасалды. Іріңді-септикалық асқынулардың дамуын ескере отырып, науқастар 2 топқа бөлінді. I топқа отадан кейінгі инфекциялық асқынулары бар, мысалы, перипротездік инфекция (n=9), хирургиялық жараның іріңдеуі (n=8), респираторлық инфекция (n=2), зәр шығару жолдарының инфекциясы (n=8), тері инфекциялары (n=8), ІІ топта асқынусыз науқастар болды. Нәтижесі. Ретроспективті талдау науқастардың таңдалған тобында 3,1%-ында іріңді-септикалық асқынулар болғанын көрсетті. Жынысы мен салмағы бойынша топтар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. І топтағы науқастардың орташа жасы - 61,4±11,5, ІІ топта - 61,6±13,2 жас (p>0,05). I топтағы науқастардың 47,3% ота алдындағы анемия болса, II топта – тек 5% (χ2<0,02). Бұл ретте отаға дейінгі гемоглобин деңгейі бірінші топта - 117,3±3,4 г/л, ал екінші топта – 136,3±8,6 г/л, р<0,001. Сондай-ақ іріңді-септикалық асқынулары бар науқастардың 52,6%-да қатарлас қант диабеті байқалғаны анықталды, бұл II топтағы науқастарға қарағанда 5 есе жоғары (10,5%, χ2<0,04). Қорытынды. Осылайша, ретроспективті талдау жалпы буын ауыстырудан кейін іріңді-септикалық асқынулардың даму қауіп-қатер факторлары ота алдындағы анемия, қатар жүретін қант диабеті және операцияның соңында 7,5 ммоль/л жоғары гипергликемия екенін көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 49-55
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov