Central AsianResearch Index

Балалардағы өңештің химиялық күйіктен кейінгі стенозын алдын-алу және емдеу әдістерін талдау

Балаларда химиялық күйіктер өңештің зақымдануының ішінде жетекші орын алады, сонымен қатар, соңғы жылдары өңеш күйіктерінің кездесу жиілігі артуы байқалады. Заманауи технологиялардың қарқынды дамуына байланысты жыл сайын жаңа химиялық заттар, өнеркәсіптік реактивтер және олардың адамдардың күнделікті өмірінде қолдану үшін қажеттіліктің ұлғаюы аурудың жиілігінің артуына әсер етуде. Біз әдеби деректерді ақпараттық іздеу арқылы балалардағы өшештің химиялық күйіктен кейінгі тарылуының алдын-алу және емдеудің әлемдегі ең жақсы әдістерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Аурудың ауырлығы шырышты қабықтың зақымдануынан бастап ауыр күйіктер, стриктуралар және тесілу сияқты асқынуларға дейін болуы мүмкін. Бұл патологияны емдеудің әртүрлі әдістерінің көп болуына қарамастан, олардың нәтижелері балалар хирургтарын толығымен қанағаттандырмайды. Өңеш стенозының тыртықтануының нәтижесінде пайда болатын өңеш тарылуының даму жиілігі 30% құрайды. Улы заттың әсер ету ауырлығына байланысты кейбір жағдайларда аурудың нәтижесі қауіпсіз аяқталады, ал өзгесінде летальды жағдай немесе жарақаттан кейін 23-30 жылдан кейін қатерлі ісіктің дамуына да әкелуі мүмкін. Осы уақытқа дейін өңештің күйік ауруы бар балалар ұзақ және әрдайым тиімді емес емделуге мәжбүр, алайда күйіктен кейінгі стеноздың алдын алу шаралары да ең жиі кездесетін асқыну - өңештің тесілуін болдырмауға мүмкіндік бере алмайды. Өйткені консервативті ем - отасыз өңештің анатомиялық табиғи қалпын сақтап қалудағы жалғыз әдіс және өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды фактор болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 56-64
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov