Central AsianResearch Index

Анализ эффективности интраоперационной локальной инфильтрационной аналгезии при эндопротезировании коленного сустава

Тізе буынын эндопротездеуден кейінгі ауырсыну мәселесі науқастардың жағдайын нашарлататын және олардың белсенділігі мен тез оңалуына кедергі келтіретін маңызды мәселе болып табылады. Тізе буынын эндопротездеуден кейін қатты ауырсынудың дамуын болдырмау үшін жергілікті инфильтрациялық анальгезия ұсынылыды. Оның құрамында анестетик, стероидты емес қабынуға қарсы препарат және адреналин болады.Зерттеудің мақсаты: Тізе буынын эндопротездеуден кейінгі ауырсыну деңгейін өлшеу арқылы тізе ауыстыру кезінде жергілікті инфильтрациялық анальгезияның тиімділігін бағалау.Әдістері. Бір орталықты ретроспективті зерттеу 2022 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында жүргізіліп, тізе буынын біріншілікті эндопротездеу жоспарланған тізе буыны остеоартриті бар 81 науқастың нәтижелерін зерттелді. Негізгі топтағы науқастарға (40 адам) ота кезінде жергілікті инфильтрациялық анальгезияның бір дозасы енгізілді, ал бақылау тобындағы (41 адам) емделушілерге бұл әдіс қолданылмады. Нәтижелер екі топта да отадан кейінгі ауырсыну және есірткілік анальгетиктерді тұтыну тұрғысынан салыстырылды.Нәтижелері. Зерттеу тобындағы емделушілерде отадан кейінгі бірінші күннен (ВАШ - 3,05) төртінші күнге (2,75) дейін ауырсыну көрсеткіштері айтарлықтай төмен болды (р<0,001). Ал бақылау тобында сәйкесінше 5,06 және 3,2 құрады. Негізгі топтағы есірткілік анальгетиктерді тұтыну да бақылау тобымен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды.Қорытынды. Тізе буынын эндопротездеу бойынша хирургиялық араласу кезінде жергілікті инфильтрациялық анальгезияны қолдану науқастарда отадан кейінгі ауырсынуды және есірткілік анальгетиктерге қажеттілікті тиімді төмендетуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 30-34
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov