Применение радиочастотной абляции при лечении хронической боли в коленных суставах связанные с артрозом.
Остеоартроз (ОА) - субхондральды сүйек кисталары мен жиектік сүйек өсінділерінің пайда болуымен, буын беттерінің деформациясымен және аяқ-қол осінің ықтимал деформациясымен буындасатын сүйектердің эпифиздеріндегі буындық шеміршектің деструкциясымен және дегенерациялық өзгерсітермен перифериялық және/немесе орталық (омыртқалы) буындардың ауруы. Тізе буынының ОА 70-75 жас аралығындағы ересектер арасында 40% - ға дейін таралатын ересектердегі ең көп таралған буын ауруларының бірі болып табылады және егде жастағы адамдар арасындағы ауырсыну мен мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Мақсаты: ассоцияцияланған артрозы, тізе буындарының созылмалы ауырсынуы бар пациенттерді емдеу кезінде радийжиілік абляцияны қолданудың тиімділігін бағалау. Зерттеу әдістері: ретроспективті зерттеу жүргізілді, пациенттерді қосу критерийлері: тізе буындарындағы ауырсынулар, буынішілік компоненттері (мениск, байламдар) зақымдануының клиникалық көрсетулердің болмауы, пациенттің операция өткізуге және сауалнамаға қатысуға келісімі. Пациенттерге РЖА процедурасы кез келген дәрежедегі артроздың бар екендігі туралы рентген расталғаннан кейін жүргізілді. Тізе буынының буынішілік компонентердің зақымдануымен байланысты ауырсыну, процедура жүргізу үшін қарсы көрсетімдердің бірі болып табылады. Осылайша, зерттеуге енгізген критерияларды негізге ала отырып, артроздан туындаған тізе буындарының ауырсынуы бар пациенттер таңдалды – 60 пациент. Ауырсыну синдромын бағалау 0-ден 10 балға дейін ВҰШ (визуалды ұқсас шкала) бойынша жүргізілді. Айқын ауырсыну 7-ден 10-ға дейін, орташа ауырсыну 4-тен 6-ға дейін, ауырсынуы жоқ 1-ден 3-ке дейін бағаланды. Зерттеу нәтижелері. Зерттелген 60 пациенттің 3 айдан кейін 60 пациентте (100%), 6 айдан кейін 45 пациентте (75%), 12 айдан кейін 9 пациентте (15%) РЖА-дан кейінгі емдеу нәтижелері зерттелді. Түскен кезінде пациенттердің көбі - 52 (86,6%) айқын ауырсынуларды, пациенттердің бір бөлігі - 8 (13,4%) орташа ауырсынуларды сезінді. РЖА өткізгеннен кейін шығару кезінде пациенттердің айтарлықтай саны - 37 (61,7%) ауырсыну синдромының азаюын белгіледі. Алайда пациенттердің 3 бөлігі (5%) әсерін мүлдем сезбеді, ал қалған бөлігі - 20 (33,3%) шамалы жақсаруды байқады. РЖА өткізгеннен кейін 3 айдан кейін 13 пациентте (21,7%) айқын ауырсынулар, ал 21 пациентте (35%) орташа ауысынулар байқалды. Жарты жылдан кейін 19 пациентте (42,2%) айқын ауырсынулар, ал 17 пациентте (37,8%) орташа ауырсынулар пайда болды. Алыс кезеңде (бір жылдан кейін) 6 пациентте (66,7%) айқын ауырсынулар, 3 пациентте (33,3%) орташа ауырсынулар болды. Қорытынды. Тізе буынының радийжиілік абляциясы (РЖА) алғашқы 7 тәулікте остеоартриті бар пациенттерде ауырсынудың айқын төмендеуіне әкеледі (7,78-7,5 баллдан 3,31-3,2 баллға дейін ВҰШ бойынша). Алыс кезеңде 3-6 айдан кейін тізе буынындағы ауырсынулар біртіндеп орташа деңгейге дейін келеді. Біздің зерттеу деректерімізге сүйене отырып, РЖА остеоартроз кезіндегі тізе буындары ауырсынуының тұрақты, бірақ ұзаққа созылмайтын төмендеуін тудырады. ВҰШ бойынша 3 айдан кейін ауырсынулар 4,42-4,38 баллға дейін, 6 айдан кейін 6,2-5,75 баллға дейін, бір жылдан кейін 7,1-6,5 баллға дейін қайта басталады. Түйін сөздер: тізе буыны, радийжиілік абляция, остеоартроз, созылмалы ауырсыну.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 4-11
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov