Травматологияда наноцеллюлоза негізіндегі биокомпозиттерді қолдану потенциалы
Бүгінде травматология саласында жарақаттардан, қабыну ауруларынан кейін сүйек тінінің регенерациясы мәселесі күрделі сұрақ болуда. Наноцеллюлоза сияқты синтетикалық материалды таңдау оның негізінде әртүрлі биокомпозиттер жасауға мүмкіндік береді.Шолудың мақсаты: Соңғы эксперименттік зерттеулерді талдап сипаттау арқылы наноцеллюлоза негізінде жасалған биокомпозиттерді травматологияда қолдану әлеуетін ашу. Мақалада наноцеллюлоза негізіндегі биокомпозиттерді қолдана отырып, травматологиядағы соңғы зерттеулерге талдау жасалды. Салыстырмалы талдау арқылы наноцеллюлоза негізінде өндірілген биокомпозиттердің әрқайсысына сипаттама мен бағалау беріледі. Биокомпозиттердің әрқайсысының ерекшеліктері қарастырылады. Олардың қысқаша сипаттамасы, қолдану әдісі берілген, оны қолдану нәтижелері көрсетілген. Сондай-ақ, наноцеллюлоза негізіндегі биокомпозиттердің салыстырмалы сипаттамасы және наноцеллюлозаны травматологияда бүгінгі күнге дейін және болашақта қолдану перспективалары берілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 23-28
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov