Assessment of the Biological Safety of Metal Alloys TNT (Ti21Nb6Ta) and ВТ-6 (Ti-6Al-4V)
Травматология және ортопедия салаға батпалы фиксаторлар және жаңа биометаллдық қорытпалар сияқты заманауи технологияларды енгізу, емдеу тәсілдерін сапалы өзгертуге әсер етті, бірақ импланттарды өндіру, және жаңа материалдарды пайдалану мәселесі өзекті болып қала береді. Зерттеу мақсаты. Титан, тантал және ниобий қорытпасының (Ti21Nb6Ta) биоүйлесімділігін in vitro зерттеу. Зерттеу әдістері. Зерттеуде TNT (Ti21Nb6Ta) және BT-6 (Ti-6Al-4V) сулы сығындыларының MTT-сынағы арқылы in vitro адамның фибробласттары мен периостальды жасушаларына уытты әсері зерттелді; TNT және BТ-6 қорытпаларының гемолитикалық белсенділігін – тәжірибелік жануарлардың Wistar егеуқұйрықтары қанындағы әсерін спектрофотометрия әдісімен (in vitro) зерттелді; Пирогендік белсенділік кинетикалық хромогендік әдіспен зерттелді. Зерттеу объектісі TNT (Ti21Nb6Ta) және ВT-6 (Ti-6Al-4V) (бақылау тобы) металл қорытпалары болып табылады. Нәтижелер. In vitro зерттеулер TNT және ВT-6 металл қорытпаларынан алынған сулы сығындылардың өсірілген адамның фибробласттарына және in vitro периостальды жасушаларына цитотоксикалық әсер етпейтінін көрсетті. ТNТ және ВТ-6 қорытпаларының сулы сығындыларының гемолитикалық және пирогендік белсенділігі жоқ екені анықталды. Қорытындылар. Жүргізілген зерттеулер TNT қорытпасының қауіпсіздігі мен биоүйлесімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл in vitro сынақтарының жиынтығымен дәлелденді. Жалпы қабылданған гигиеналық классификацияға сәйкес TNT (Ti21Nb6Ta) және ВT-6 (Ti-6Al-4V) металл қорытпаларын 4-ші қауіптілік клаcсы – төмен қауіпті заттарға жатқызуға болады (ГОСТ 12.1.007-76).
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · С. 4-12
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov