Central AsianResearch Index

Өсімдік наноцеллюлозасы мен кальций фосфатына негізделген жаңа материалдың сүйек тініне имплантацияланған аймағының тіндік құрамын морфометриялық in vivo бағалау

Зерттеудің мақсаты: өсімдік наноцеллюлозасы мен кальций фосфатына негізделген жаңа материалдың имплантацияланған аумағындағы сүйек пластинасының ақауының гистологиялық және морфометриялық құрамын in vivo бағалау. Әдістері. Хирургиялық араласу Қарағанды медицина университетінің виварий базасында жүргізілді. Зерттеу хаттамасын аталмыш ұйымның биоэтика комитеті мақұлдады. Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін биокомпозитті тәжірибелік жануарлардың феморальды диафизінің ақауына, атап айтқанда екі ақ тұқымсыз еркек егеуқұйрықтарға трансплантациялау жүргізілді. Зерттеудің 14 және 30-шы күндері жануарлар шығарылды. Морфометриялық бағалау хирургиялық араласу жасалған аумақта (қалыптасқан ақауда) жүргізілді. Қалыптасқан ақау аймағының тіндік құрамын гистопатологиялық талдауда талшықты тіннің, шеміршек тінінің және сүйек тінінің пайызы бағаланды. Нәтижелері. Біз наноцеллюлозаны қайта құру екі топта да төмен гистоморфометриялық остеогенез үлгісімен бірге жүретінін анықтадық. Сүйек кемістігіне трансплантацияланған кальций фосфаты бар наноцеллюлоза негізіндегі биокомпозит остеогенездің үдеуі мен баяулауын тудырмайды. Ол сүйек тінінің жетілуіне қажетті тікелей және кері локорегионарлық, биохимиялық, паракриндік, ішкі сигналдарды блоктайды. Сонымен қатар, остеогенез негізінен сүйек тінінің периферия бойымен және кальций фосфаты бар наноцеллюлоза негізіндегі биокомпозиттің шетінде, интрамедулярлық кеңістікте тік өсуі мен жетілуімен бірге жүреді. Макроорганизм тарапынан биокомпозитке қабыну реакциясының белгілері жоқ.Қорытынды. Сүйек тіндерінің бөлімдеріне жүргізілген морфологиялық талдау остеогенездің гистоморфометриялық үлгісінің төмен деңгейін, макроорганизм тарапынан наноматериалға қарсы қабыну реакциясы белгілерінің жоқтығын анықтады.

Сведения

Опубликовано
2023 · С. 31-35
Язык
Казахский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov