Central AsianResearch Index

Анализ эффективности локального протокола диагностики перипротезной инфекции

Протезмаңы инфекциясын диагностикалау әлі күнге қиындық тудыратын сұрақ болып келеді. Себебі инфекцияны растайтын немесе жоққа шығаратын тест жоқ. Сондықтан біз диагностикалық зерттеулердің жиынтығын қолдануымыз керек. Олар қолжетімділігімен қатар инвазивті және инвазивті емес болуы мүмкін. сезімталдық пен ерекшеліктің жеткілікті деңгейіне ие. Зерттеудің мақсаты: хирургиялық емдеу тактикасын анықтау үшін протезмаңы инфекциясын диагностикалаудың Травматология, ортопедия және эндопротездеу федералды орталығының (Смоленск қ., Ресей Федерациясы) жергілікті хаттамасын қолдану тиімділігіне талдау жүргізу. Әдістері. 2019-2021 жылдары өткен 299 ревизия талданды. Зерттеуге тізе немесе жамбас эндопротезі компоненттерінің септикалық және асептикалық тұрақсыздығы деген алдын ала диагнозы бар науқастар енгізілді. Барлық науқастар протезмаңы инфекциясын диагностикалаудың жергілікті хаттамасына сәйкес тексерілді. Клиникалық және рентгенологиялық деректерді, C-реактивті ақуыз және ЭТЖ, синовиальды сұйықтық лейкоциттерінің эстеразасын, пунктатты, тін үлгілерін және соникациялық сұйықтықты микробиологиялық зерттеуді, протезмаңы мембраналарының түрлері бойынша гистологиялық зерттеуді және синовиальды сұйықтықтың нысанды элементтерін есептеуді қамтиды. Соңғы диагноз клиникалық және зертханалық деректерді ескере отырып анықталды, бұл хирургиялық тактиканы таңдауда шешуші рөлде болды. Тиімділік кешіктірілген емдеу нәтижелері бойынша бағаланды. Нәтижелер. Барлығы 165 (58%) науқастан оң микробиологиялық культура егіліп шықты. Оның ішінде 150 (53%) науқаста синовиальды сұйықтықтың цитозы, лейкоцитарлық эстеразаның жоғарылауы 147 жағдайда анықталды. Жедел жасалған гистологиялық зерттеудің нәтижесінде "инфекция типтес мембрана" қорытындысы 159 (56%) жағдайда, С-реактивті ақуыз бен ЭТЖ-ның кешенді жоғарылауы 93 жағдайда орын алды. Қорытынды. Зерттеу хаттамасының деректерін талдау 158 (53%) науқаста протезмаңы инфекциясы диагнозын растауға көмектесті. Жалпы саны 141 (47%) науқаста инфекция расталмады және бұл хирургиялық емдеу тактикасын анықтады. Осы ретте 141 науқасқа бір сатылы тексеру араласуы, ал 158 науқасқа екі сатылы тексеру жүргізілді. Катамнездегі бақылау ұзақтығы (213 науқас) үш жылға дейін болды. Инфекцияның қайталануы байқалмады. Осылайша, біз жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша бұл хаттама ірі буындарды толық эндопротездеуден кейін инфекциялық асқынуларды диагностикалаудың тиімді құралы болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · С. 13-20
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov