Ерте кезеңдерде зертханалық жануарлар үлгісіндегі сүйек тінінің өсу үдеткіштерін қолдану кезіндегі сүйек ақауының қайта құрылуын салыстырмалы бағалау
Ашық сынықтардан, онкологиялық аурулардан және созылмалы остеомиелиттен туындаған сүйек ақаулары травматология мен ортопедияда өзекті мәселе болып қала береді. Қазіргі уақытта травматологияда зертханалық жануарларда көптеген эксперименттік сүйек ақау үлгілері жасалды. Әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, біз сүйек ақауының үлгісін жасау және оны жабу үшін қояндарға жасалатын үлгіні пайдалануды жөн көрдік.Зерттеудің мақсаты: тұқымсыз қояндардағы сүйек ақауларын жабудың әртүрлі үлгілеріне клиникалық, рентгенологиялық және гистологиялық талдау жүргізу.Әдістері. Барлық зерттеулер биоэтика комиссиясының талаптарына сәйкес жүргізілді. Лабораторлық зерттеулер 60 тұқымсыз қоянға жүргізілді. Олар кездейсоқ түрде 2 топқа бөлінді. Қояндарды вентиляциясы, температурасы және ылғалдылығы мамандандырылған виварийде ұстады. Зертханалық жануарлар 2-ден арнайы торларда орналастырылды. Барлық хирургиялық араласулар жалпы наркозбен жүргізілді. Оң жақ ортан жіліктің сыртқы беті бойынша хирургиялық қол жетімділік жасалды. Барлық жануарларда топқа байланысты ақау өсу факторларымен және бисфосфонатпен толтырылған.Ақауды толтыру және қалпына келу үрдісі клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық және статистикалық әдістермен бағаланды.Нәтижелері. Отаның ерте кезеңіне байланысты алғашқы екі күнде қозғалыс белсенділігінің төмендігі байқалды. Мәжбүрлі қозғалыс кезінде қояндар оталанған жаққа ақсап, көбіне отырған қалыпта көп уақыт өткізді. Визуалды тексеру барысында тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік байқалды, бірақ температура көрсеткіштері байқаудың басынан бастап эксперименттен шығарылғанға дейін қалыпты болды. Сүйек ақауының қалыптасқан үлгілерінің рентгенологиялық көрінісін бағалау 14 күннен кейін 2 топтада айқын периосталды реакция байқалды. Хирургиялық емдеуден кейін 14 тәулік ішінде сүйек тініндегі гистологиялық өзгерістерге салыстырмалы сипаттама жасалды. Жасуша құрамын бағалау үшін материал стандартты әдіс бойынша гематоксилин мен эозинмен боялған. Дәнекер тіннің жасушалық және жасушалық емес элементтерін гистологиялық саралау үшін Массон бойынша трихром бояу жүргізілді, бұл фиброз үрдісін бағалауға мүмкіндік берді.Қорытынды. Сүйек ақаулары әлі де күрделі мәселе болып табылады және оларды емдеу едәуір қиындықтар туғызады. Біздің түсінігімізді тереңдету және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін осы салада қосымша зерттеулер қажет екені анық.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 38-45
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov